|
|
|
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білікті заң көмегін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат, № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар): 365-бап мынадай редакцияда жазылсын: «365-бап. Адвокаттар мен өзге де адамдардың адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасау 1. Адвокаттар мен өзге де адамдардың қылмыстық процесте адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сол сияқты жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасау не осындай қызметтің дербестігін және тәуелсіздігін өзге де бұзу, егер бұл әрекеттер адам мен азаматтың құқықтарына, бостандықтарына немесе заңды мүдделеріне, заңды тұлғалардың құқықтарына немесе заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтірсе,- екі жүз айлық есептік көрсеткіштен үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не төрт айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаған әрекеттер, - бес жүз айлық есептік көрсеткіштен жеті жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жеті айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.». 2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар): 1) 38-баптың төртінші бөлігіндегі «жәбірленушіге хабарланады, ол» деген сөздер «жәбірленушіге және оның өкіліне хабарланады, олар» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 68-баптың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «7. Күдікті: 1) ұстауды жүзеге асырған адамнан өзіне тиесілі құқықтар туралы дереу түсіндірме алуға; 2) өзіне не үшін күдік келтірілгенін білуге; 3) өз бетінше немесе өзінің туысқандары немесе сенім білдірген адамдары арқылы қорғаушы шақыруға құқылы, егер күдікті, оның туысқандары немесе сенім білдірген адамдары қорғаушыны шақырмаған жағдайда тергеуші, анықтаушы осы Кодекстің 71-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен оның қатысуын қамтамасыз етуге міндетті; 4) таңдаған немесе тағайындалған қорғаушысымен жауап алу басталғанға дейін оңаша және құпия жолығуға; 5) күдікті одан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, қорғаушысы қатысып отырған кезде ғана түсініктеме мен айғақ беруге; 6) өзіне қарсы қылмыстық іс қозғалғандығы туралы қаулының, ұстау хаттамасының және бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулының көшірмелерін алуға; 7) түсініктеме мен айғақ беруден бас тартуға; 8) дәлелдер ұсынуға; 9) өтінішті, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті және қарсылықты мәлімдеуге; 10) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ пен түсініктеме беруге; 11) аудармашының тегін көмегін пайдалануға; 12) тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен өзінің өтініші бойынша немесе қорғаушысының не заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қатысуға; 13) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және хаттамаларға ескертпелер беруге; 14) тергеушінің, анықтаушының, прокурордың және соттың әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне шағым беруге; 15) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауға құқылы.»; екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «2. Айыпталушы: 1) заңға қайшы келмейтін құралдармен және тәсілдермен өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және қорғануға дайындалу үшін жеткілікті уақыты мен мүмкіндігінің болуына; 2) өзінің не үшін айыпталғандығын білуге және қылмыстық іс қозғалғандығы туралы, өзінің айыпталушы ретінде тартылғаны туралы қаулылардың көшірмелерін алуға; 3) қылмыстық қудалау органынан өзіне тиесілі құқықтар туралы дереу түсіндірме алуға; 4) қылмыстық процесті жүргізуші органның өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын іс жүргізу шешімдерін қабылданғаны туралы хабардар етуіне; 5) бұлтартпау шараларын қолдану туралы қаулының көшірмесін алуға; 6) өзіне тағылған айып бойынша түсініктеме мен айғақ беруге; 7) айғақ беруден бас тартуға; 8) дәлелдер ұсынуға; 9) өтінішті, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті және қарсылықты мәлімдеуге; 10) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге және түсінісуге; 11) аудармашының тегін көмегін пайдалануға; 12) қорғаушысының болуына; 13) осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен өзінен алғашқы жауап алудың алдындағы кезден бастап қорғаушысымен оңаша және құпия жолығуға; 14) тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен өзінің өтініші немесе өзінің қорғаушысының не заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қатысуға; 15) өзінің өтініші немесе өзінің қорғаушысының не заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертулер беруге; 16) сараптама тағайындалған, жүргізілген кезде, сондай-ақ оған сарапшының қорытындысы ұсынылған кезде осы Кодекстің 244, 254, 354 және 355-баптарында көзделген әрекеттерді жүзеге асыруға; 17) тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға және одан кез келген мәліметті кез келген көлемде көшіріп алуға; 18) айыптау тізімін қоспағанда, айыптау қорытындысының және оның қосымшаларының көшірмелерін алуға; 19) тергеушінің, анықтаушының, прокурордың және соттың әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне шағым беруге; 20) ақтамайтын негіздер бойынша істі қысқартуға қарсылық білдіруге; 21) жария сот талқылауын талап етуге құқылы.»; мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-бөліктермен толықтырылсын: «2-1. Сотталушының: 1) бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарда істі соттың қарауына қатысуға; 2) қорғау тарапының барлық құқықтарын, сондай-ақ ақырғы сөз құқығын пайдалануға құқығы бар. 2-2. Сотталған адамның немесе ақталған адамның: 1) сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертпелер беруге; 2) соттың үкіміне, қаулысына, судьялардың қаулыларына шағым жасауға және шағымдалған шешімдердің көшірмелерін алуға; 3) іс бойынша келтірілген шағымдар мен наразылықтар туралы білуге және оларға қарсылықтар беруге; 4) келтірілген шағымдар мен наразылықтардың сотта қаралуына қатысуға құқығы бар.»; екінші бөліктің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: «Қорғаушы ретінде қылмыстық процеске адвокаттың қатысуы кезінде күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталған адамды, ақталған адамды қорғауды одан басқа оның жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы не қамқоршысы, қорғаншысы не күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталған адамды, ақталған адамды қорғаншылыққа немесе асырауына алған ұйымның өкілі жүзеге асыра алады.»; үшінші бөлік «бастап» деген сөзден кейін «, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізудің кез келген келесі сәтінде» деген сөздермен толықтырылсын; 5) 71-бап «, сотталушы», «, сотталушыға», «, сотталушылардың», «, сотталушының» деген сөздерден кейін тиісінше «, сотталған адам, ақталған адам», «, сотталған адамға, ақталған адамға», «, сотталған адамдардың, ақталған адамдардың», «, сотталған адамның, ақталған адамның» деген сөздермен толықтырылсын; бірінші бөлікте: «сотталушы,», «, сотталушының», «, сотталушы» деген сөздерден кейін тиісінше «сотталған адам, ақталған адам», «, сотталған адамның, ақталған адамның», «, сотталған адам, ақталған адам» деген сөздермен толықтырылсын; «сотталушы» деген сөз «сотталушы, сотталған адам, ақталған адам» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөлік «, сотталушының» деген сөзден кейін «, сотталған адамның, ақталған адамның» деген сөздермен толықтырылсын; үшінші бөлік «сотталушыға» деген сөзден кейін «, сотталған адамға, ақталған адамға» деген сөздермен толықтырылсын; төртінші бөлік «сотталушы», «сотталушыға» деген сөздерден кейін тиісінше «, сотталған адам, ақталған адам», «, сотталған адамға, ақталған адамға» деген сөздермен толықтырылсын; бесінші бөлік «, сотталушыны» деген сөзден кейін «, сотталған адамды, ақталған адамды» деген сөздермен толықтырылсын; жетінші бөлік «сотталушының» деген сөзден кейін «, сотталған адамның, ақталған адамның» деген сөздермен толықтырылсын; сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «8. Адвокат қорғаушы ретінде адвокаттың куәлігін және нақты істі жүргізуге оның өкілеттігін куәландыратын ордерді көрсетуі бойынша қылмыстық іске қатысуға жіберіледі. Осы Кодекстің 70-бабының екінші бөлігінде аталған басқа адамдар қорғаушы ретінде қылмыстық іске қатысуға олардың құқығын растайтын құжаттарды (неке туралы куәлігін, күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен, сотталған адаммен, ақталған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжатты, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың шешімдерін) тапсырады.»; 7) 73-баптың бірінші бөлігінде: бірінші сөйлеміндегі «, бұл оның өзін қорғауды өз бетінше жүзеге асыру ниетін білдіреді» деген сөздер алып тасталсын; екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: «Осындай бас тартуға іске қатысушы қорғаушының не осы Кодекстің 71-бабының үшінші бөлігінде белгіленген тәртіппен тағайындалған қорғаушының қатысуымен күдіктінің, айыпталушының бастамасы бойынша ғана жол беріледі.»; екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қорғаушы іске қатысуға рұқсат етілген сәттен бастап: 1) күдіктімен немесе айыпталушымен олардың саны мен ұзақтығы шектелместен оңаша және құпия жолығуға; 2) заң көмегін көрсету үшін қажетті заттарды, құжаттарды және мәліметтерді жинауға және ұсынуға; 3) айып тағылған кезде қатысуға, күдіктіден және (немесе) айыпталушыдан жауап алу кезінде, сондай-ақ олардың қатысуымен немесе олардың өтініші не қорғаушының өзінің өтініші бойынша жүргізілетін өзге де тергеу және іс жүргізу әрекеттеріне қатысуға; 4) қарсылықтар білдіруге; 5) айыптау тізімін қоспағанда, ұстау хаттамасымен, бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулымен, күдіктінің, айыпталушының немесе қорғаушының өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, күдіктіге және (немесе) айыпталушыға ұсынылған не ұсынылуға тиіс болатын құжаттармен, ал анықтау, оңайлатылған сотқа дейінгі іс жүргізу немесе алдын ала тергеу аяқталғаннан кейін - істің барлық материалдарымен танысуға, одан кез келген мәліметті кез келген көлемде көшіріп алуға; 6) өтінішті, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті мәлімдеуге; 7) кез келген сатыдағы сотта істі алдын ала тыңдауға, соттың талқылауына қатысуға, сот жарыссөздерінде сөйлеуге, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі жаңарту кезінде соттың отырысына қатысуға; 8) әрбір беттегі мәтіннің соңғы жолының астына және хаттаманың соңына өз қолын қоя отырып, ал сот отырысы хаттамасының бөлігімен танысқан кезде әрбір беттің соңына және осы бөліктің соңына қол қоя отырып, сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертпе енгізуге; 9) іс жүргізу құжаттарының көшірмелерін алуға; 10) қылмыстық процесті жүргізуші адамның және қылмыстық процеске қатысушы өзге адамдардың заңсыз әрекеттеріне қарсылық білдіруге, бұл қарсылықтарды іс жүргізу құжаттарына енгізуді талап етуге; 11) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттері мен шешімдеріне шағым енгізуге және оларды қарауға қатысуға; 12) заңға қайшы келмейтін кез келген басқа да қорғау құралдары мен тәсілдерін пайдалануға құқылы.»; үшінші бөліктің бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Тергеуші немесе анықтаушы жауап алып болғаннан кейін тергеу әрекеттерін жүргізуге қатысушы қорғаушы жауап алынып отырған адамдарға сұрақтар қоюға құқылы.»; үшінші бөліктің бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Адам қылмыстық процесте қылмыстық іс қозғалған кезден бастап тиісті қаулы шығысымен жәбірленуші болып танылады.»; алтыншы және жетінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «6. Жәбірленушінің: 1) айыпталушыға тағылған айып туралы білуге; 2) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге; 3) дәлелдер ұсынуға; 4) өтінішті, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті және қарсылықты мәлімдеуге; 5) аудармашының тегін көмегін пайдалануға; 6) өкілінің болуына; 7) одан дәлелдеу құралы ретінде қылмыстық қудалау органы алып қойған немесе өзі берген мүлікті, сондай-ақ қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған адамнан алып қойылған өзіне тиесілі мүлікті алуға, өзіне тиесілі құжаттардың түпнұсқаларын алуға; 8) заңда көзделген жағдайларда күдіктімен, айыпталушымен татуласуға; 9) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертпелер беруге; 10) тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен өз өтініші не өз өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қатысуға; 11) тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға, одан кез келген көлемде және кез келген мәліметті көшіріп алуға; 12) оған және оның отбасы мүшелеріне қауіпсіздік шараларын беру туралы өтінішті мәлімдеуге; 13) қылмыстық іс қозғау туралы, оны жәбірленуші деп тану туралы немесе одан бас тарту туралы, қылмыстық істі тоқтата тұру туралы, істі тоқтату туралы қаулылардың көшірмелерін, айыптау қорытындысының көшірмесін, сондай-ақ үкімнің, апелляциялық сатыдағы сот шешімдерінің көшірмелерін алуға; 14) бірінші сатыдағы сотта істі соттың талқылауына қатысуға; 15) сот жарыссөздерінде сөйлеуге; 16) айыптауды, оның ішінде мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда да қолдауға; 17) әрбір беттегі мәтіннің соңғы жолының астына және хаттаманың соңына өз қолын қоя отырып, ал сот отырысы хаттамасының бір бөлігімен танысқан кезде әрбір беттің соңына және осы бөліктің соңына қол қоя отырып, сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертпелер беруге; 18) қылмыстық процесті жүргізуші органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым беруге; 19) соттың үкімі мен қаулысына шағым жасауға; 20) іс бойынша әкелінген шағымдар мен наразылықтар туралы білуге және оларға қарсылық ұсынуға; 21) мәлімделген шағымдарды, өтініштерді және наразылықтарды апелляциялық және қадағалау сатыларындағы соттың қарауына қатысуға; 22) өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауына құқығы бар. Осы Кодекстің 80-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда жәбірленушіге заң көмегі тегін көрсетіледі. 7. Жәбірленушінің, ал ол қайтыс болған жағдайда - оның құқықтық мирасқорларының аса ауыр қылмыспен келтірілген мүліктік зиян үшін, егер осындай қылмыс үшін сотталған адамның осы қылмыспен келтірілген залалды өтеу үшін жеткілікті мүлкі болмаса, бюджет қаражаты есебінен ақшалай өтемақы алуға құқығы бар. Мұндай жағдайда бюджет қаражаты есебінен ақшалай өтемақы төлеу туралы мәселені жәбірленушінің не оның құқықтық мирасқорының арызы бойынша үкімді шығарған сот шешеді. Жәбірленушінің көрсетілген жағдайларда, егер залал жүз елу есептік көрсеткіштен аспаса, залалдың толық көлемінде өтелуіне құқығы бар.»; 10) 80-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Кәмелетке толмаған немесе өзінің дене немесе психикалық жағдайы бойынша өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау мүмкіндігінен айырылған жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін іске міндетті түрде қатысуға олардың заңды өкілдері мен өкілдері тартылады. Мұндай жағдайларда жәбірленушінің өкілі ретінде жәбірленуші не оның заңды өкілі таңдаған адвокатқа рұқсат беріледі. Егер жәбірленушінің өзі немесе оның заңды өкілі адвокат шақырмаған жағдайда, адвокаттардың кәсіби ұйымы немесе оның құрылымдық бөлімшелері үшін міндетті қаулы шығару жолымен қылмыстық процесті жүргізуші орган адвокаттың қатысуын қамтамасыз етеді. Қылмыстық процесті жүргізуші орган нақты адвокатты қорғаушы ретінде шақыруға ұсыным беруге құқылы емес. Жәбірленушіде немесе оның заңды өкілінде қаражат болмаған жағдайда, адвокаттың еңбегіне ақы төлеу осы Кодексте белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.»; 11) 82-баптың екінші бөлігінің 2) тармағы «өкілі» деген сөзден кейін «, сондай-ақ куәнің адвокаты» деген сөздермен толықтырылсын; 12) 84-баптың бірінші бөлігінің бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге маман ретінде қатысу үшін қылмыстық процестің қатысушыларына өзінің арнайы құзыретіне жататын түсіндіру жолымен дәлелдерді жинауда, зерттеуде және бағалауда, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды қолдануда жәрдем көрсету үшін қажетті арнаулы білімі бар, іске мүдделі емес адам тартылуы мүмкін.»; тақырыпта: орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді; «жәбірленушінің» деген сөзден кейін «(жеке айыптаушының)» деген сөздермен толықтырылсын; екінші бөлігіндегі «қылмыстық процесті жүргізуші орган шешеді» деген сөздер «сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде - прокурор, ал сотта іс жүргізу кезінде істі қарайтын сот шешеді» деген сөздермен ауыстырылсын; 14) 101-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Төрағалық етуші: 1) бейне, дыбыс жазуды жүргізуге және жауап алуды түсіріп алудың өзге де әдістерін жүргізуге тыйым салуға; 2) адвокатты қоспағанда, сот отырысы залынан сотталушыны, қорғау тарапының өкілдерін шығарып жіберуге құқылы.»; 15) 125-бап мынадай редакцияда жазылсын: «125-бап. Дәлелдемелер жинау 1. Дәлелдемелер жинау осы Кодексте көзделген іс жүргізу іс-әрекеттерін жүргізу жолымен сотқа дейінгі іс жүргізу және сот талқылауы процесінде жүргізіледі. Дәлелдемелер жинау оларды табуды, бекітуді және алуды қамтиды. 2. Процеске қатысушылардың өтініштері немесе өз бастамашылығы бойынша қылмыстық процесті жүргізуші орган іс жүргізуіндегі қылмыстық іс бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен жауап алу немесе сарапшы ретінде қорытынды беру үшін кез келген адамды шақыруға; осы Кодексте көзделген іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге; коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпті сақтай отырып, ұйымдардан, олардың басшыларынан, лауазымды адамдардан, азаматтардан, сондай-ақ жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардан іс үшін маңызы бар құжаттар мен заттарды табыс етуді талап етуге; уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардан тексерулер мен тексерістер жүргізуді талап етуге құқылы. 3. Осы Кодексте белгіленген тәртіппен қылмыстық іске қатысуға жіберілген қорғаушы, жәбірленушінің өкілі қорғауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді: 1) ұйымдардан анықтамаларды, мінездемелерді, өзге де құжаттарды талап ету. Анықтамаларды, мінездемелерді және өзге де құжаттарды мемлекеттік органдардан, қоғамдық бірлестіктерден, сондай-ақ өзге де ұйымдардан қорғаушы, жәбірленушінің өкілі талап ете алады. Аталған заңды тұлғалар қорғаушыға, жәбірленушінің өкіліне олар сұратқан құжаттарды немесе олардың расталған көшірмелерін он тәулік ішінде беруге міндетті; 2) осы Кодекстің 242-бабының төртінші - алтыншы бөліктеріне сәйкес шарт негізінде сот сараптамасы ісін жүргізуге бастамашылық жасау; 3) шарт негізінде маман тарту; 4) олардың келісімі бойынша болжамды түрде қылмыстық іске қатысты ақпаратты білетін адамдардан жауап алу жолымен алуға құқылы. Жауап алу барысында алынған мәліметтерді осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүргізілген қылмыстық процесті жүргізуші орган адамнан жауап алғаннан кейін дәлел ретінде пайдалануы мүмкін. Бұрын жауап алынған адамнан жауап алу мүмкін болмаған кезде аталған мәліметтер тікелей мәлімет ретінде пайдаланылуы мүмкін, бұл ретте бұрын жауап алынған адамның қолының түпнұсқасы заңда белгіленген тәртіппен куәландырылуға тиіс. 4. Күдікті, айыпталушы, қорғаушы, жеке айыптаушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, сондай-ақ кез келген азаматтар мен ұйымдар қылмыстық іс бойынша дәлелдеме ретінде қосу үшін ауызша да, жазбаша да нысандағы мәліметтерді, сондай-ақ заттар мен құжаттарды ұсынуға құқылы. Заттар мен құжаттар осы Кодекстің 128-бабының ережелері бойынша оларды бағалағаннан кейін қылмыстық іске тігіледі, ол туралы осы Кодекстің 122-бабының екінші бөлігінің талаптарына сәйкес хаттама жасалады. Қылмыстық процеске қатысушылар болып табылатын адамдардан заттар мен құжаттарды қабылдау өтініш негізінде осы Кодекстің 102-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 5. Осы баптың үшінші бөлігі 1) тармағының талаптарын орындамау заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.»; 16) 134-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Ұсталған адамнан осы Кодекстің ережелеріне сәйкес жауап алынуға тиіс. Жауап алыну басталғанға дейін ұсталған адамға қорғаушымен оңаша және құпия жолығу қамтамасыз етіледі.»; 17) 153-баптың оныншы бөлігіндегі «шағымды, наразылықты» деген сөздер «өтінішті» деген сөзбен ауыстырылсын; тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «172-бап. Заң көмегіне ақы төлеу»; бірінші бөлікте: «Қорғаушының» деген сөзден кейін «және жәбірленушінің өкілінің» деген сөздермен толықтырылсын; «қолданылып жүрген заңдарға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөлікте: «айыпталушыны» деген сөзден кейін «, жәбірленушіні» деген сөзбен толықтырылсын;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |