|
|
|
Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен (2005.30.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 1 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңының 5-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 71, 72-баптарына және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Азаматтық іс жүргізу кодексінің 114-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу ережелері бекітілсін. 2. «Республикалық бюджет қаражатының есебінен адвокаттардың еңбегіне ақы төлеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қыркүйектегі № 1361 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 43, 393-құжат) 1-тармағының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға жатады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1247 қаулысымен бекітілген
Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің ережелері
ҚР Үкіметінің 2001.12.24. № 1683 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Адвокаттардың Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 72-бабына, Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 114 және 304-баптарына, «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 590-бабына және «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Заң) 5-бабының 2-тармағына («Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көзделген жағдайлардан басқа) сәйкес ақы төлеуден босатылған адамдарға көрсетiлетiн заң көмегiне ақы төлеу және осы жағдайларда қорғау мен өкiлдiк етуiне байланысты шығыстарды өтеу республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi. Заң көмегiне ақы төлеу жөніндегі шығыстарды республикалық бюджет қаражатының есебiне жатқызу үшiн қылмыстық істi жүргiзетiн органның, судьяның, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы істердi қарауға уәкiлеттiк берiлген органның (лауазымды адамның) қаулысы және өндiрiсiнде осы iс бар соттың (бұдан әрi - тиiстi орган) азаматтық iстер жөнiндегі ұйғарымы негіз болып табылады. Адвокат көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу туралы қаулыны немесе ұйғарымды шығару және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу үшiн адвокаттың өтiнiшi негiз болып табылады. 2. Анықтау органының немесе тергеушiнiң республикалық бюджет қаражаты есебiнен адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу туралы және қорғауға байланысты шығындарды өтеу туралы қаулысы адвокат тапсырманы орындағаннан кейiн, ал тапсырманы орындау бiр айдан асып кетсе - ай сайын шығарылады. 3. Республикалық бюджет қаражатының есебiнен қылмыстық iс бойынша адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу туралы және қорғауға байланысты шығындарды өтеу туралы сот қаулысы үкiм қабылдаумен не iстi қосымша тергеуге жiберу немесе iстi тоқтату туралы процессуалдық шешiм қабылдаумен бiр мезгiлде шығарылады. Сот талқылауы бiр айдан асып кетсе, сот қаулысы ай сайын шығарылады. Сот қаулысы адвокаттың өтiнiшi бойынша үкiм жарияланғаннан кейiн де шығарылуы мүмкiн. ҚР Үкіметінің 2001.12.24. № 1683 қаулысымен 4-тармақ толықтырылды 4. Азаматтық iс бойынша адвокат көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу туралы және өкiлдiк етуге байланысты шығындарды өтеу туралы соттың ұйғарымы шешiм қабылдаумен бiр мезгiлде шығарылады. Соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкілеттік берiлген органның (лауазымды адамның) адвокат көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы қаулысы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы шығарумен бiр мезгілде шығарылады. ҚР Үкіметінің 2001.12.24. № 1683 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2005.30.09 № 978 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізiледi ) (бұр. ред. қара) 5. Республикалық бюджет қаражаты есебiнен алдын ала тергеуде және анықтауда, сондай-ақ әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзуде адвокат көрсеткен заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы қаулыда (бұдан әpi - қаулы) мыналар көрсетiледi: қаулыны шығарған анықтаушының, тергеушінің, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істi қарауға уәкiлетті лауазымды адамның (бұдан әрi - тиістi орган) лауазымы, тегi, аты-жөні; істiң нөмiрi, атауы, оның қаралған орны, күні және уақыты; заң көмегiне ақы төлеуден босатылған адамның тегі, аты, әкесінің аты; тапсырманы орындаған адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты, оның өкiлеттігін куәландыратын ордердiң нөмiрi және берiлген күнi; күні мен caғатпен бөлінген уақыты және төлеуге жататын сомасы көрсетіле отырып, адвокат көрсеткен заң көмегiнiң түрлерi; күнi, уақыты және төлеуге жататын сомасы көрсетiле отырып, адвокаттың тергеу немесе iс жүргiзу әрекетінің басталуын күтуге жұмсаған сағаттарының саны; өтеуге жататын шығыстардың түрлерi мен сомасы көрсетіле отырып адвокаттың заң көмегiн көрсету үшін жол жүруімен байланысты іссапарға жұмсаған күндерінің саны; төлеуге жататын жалпы сома; адвокат мүшесi болып табылатын тиiстi адвокаттар алқасының толық атауы мен банк деректемелерi. Ақы төлеуге жататын уақыт адвокаттың: алдын ала тергеу және анықтау барысында iс жүргізу және тергеу әрекеттерiне, сондай-ақ әкiмшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргізуге қатысуға; қамауда ұсталатын сезiктiмен, айыпталушымен не әкімшілiк ұстауға тартылған адаммен кездесу кезінде заң көмегін көрсетуге; қылмыстық iс не әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы iс материалдарымен танысуға; тиiсті органның iс-әрекетіне шағым жасауға жұмсаған сағаттарымен есептеледi. Ақы төлеуге жататын уақыт адвокаттың тиiстi органның жазбаша немесе өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып жасаған хабарламасында көрсетiлген уақытта келген сәтiнен бастап, егер адвокат осы уақытта басқа iстерге қатыспаса, iс жүргiзу немесе тергеу әрекетi аяқталғанға дейiн есептеледi және хаттамада тiркеледi. Сезiкті немесе айыпталушы не әкiмшiлiк жауапкершілiкке тартылған адам Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексінiң 72-бабының не Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 589-бабының тәртібімен тағайындалған адвокаттан бас тартқан кезде, адвокаттың iс материалдарымен танысуға, кездесу кезiнде заң көмегiн көрсетуге, осындай бас тартуды iс жүргiзу ресімдеуiне жұмсаған уақыты, сондай-ақ басқа жерге жол жүрген жағдайда iссапар және басқа да шығыстары төленуге жатады. Адвокат басқа жерге жол жүріп заң көмегiн көрсеткен жағдайда, егер адвокат бұл күнi басқа iстер бойынша iс жүргiзуге қатыспаса, тергеу немесе iс жүргiзу әрекетінің ұзақтығына қарамастан, ақы төлеу толық жұмыс күніне жүргiзiледi. Адвокаттың қамауда ұсталатын сезiктiмен немесе айыпталушымен не әкiмшілік ұстауға тартылған адаммен кездесу кезiнде заң көмегін көрсетуге жұмсаған уақыты тергеу изоляторларының, уақытша ұстау изоляторларының немесе iшкi iстер органдарының арнайы қабылдау орындарының анықтамалары бойынша айқындалады. Алдын ала тергеу немесе анықтау барысында қылмыстық істің нe әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы iстiң материалдарымен танысқаны үшін ақы төлеуге жататын уақытты iстің күрделілігін ескере отырып, тиісті орган белгiлейдi. Бұл ретте қылмыстық iс материалдардың бip томын зерделеуге кеткен сағатының ең аз мөлшерi - үш сағаттан, әкімшілiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша бiр сағаттан кем болмауы тиiс. Тиiстi органның iс-әрекеттеріне шағым жасау үшiн қажетті уақытты iстiң күрделілігін ескере отырып, адвокат белгілейдi және ол екi сағаттан кем болмайды. ҚР Үкіметінің 2001.12.24. № 1683 қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда ; ҚР Үкіметінің 2005.30.09 № 978 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізiледi ) (бұр. ред. қара) 6. Адвокаттың тергеуде және анықтауда қылмыстық iс бойынша немесе әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзуге қатысқан бiр сағат iшіндегі көрсеткен заң көмегiне, соның iшiнде iс материалдарымен танысқаны, iс бойынша шағым жасағаны үшiн ақы төлеу мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жалақының ең төменгi мөлшерiнiң 1/21 есебiнен белгіленедi. Адвокаттың қамауда ұсталатын сезiктiмен не айыпталушымен не әкiмшiлiк ұстауға тартылған адаммен кездесуге жұмсаған уақыты осы тармақтың бiрiнші абзацында белгіленген ақының 75 пайызы мөлшерiнде төленеді. Егер адвокат белгiленген уақытта келсе және басқа iстер бойынша iс жүргiзуге қатыспаса, адвокаттың тергеу немесе iс жүргiзу әрекетiнiң басталуын күтуге жұмсаған уақыты осы тармақтың бiрiншi абзацында белгіленген ақының 50 пайызы мөлшерiнде төленедi. Адвокаттың Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргізу кодексiнiң 68-бабында белгіленген мерзім аяқталатын, кейiнгi қалдыруға болмайтын жағдайда түнгi уақытта сезiктiден немесе айыпталушыдан жауап алуға қатысқан әрбiр сағатына осы тармақтың бiрiнші абзацында белгіленгеннен бiр жарым еседен кем емес мөлшерде ақы төленедi. Адвокаттың Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргізу кодексiнің 68-бабында белгіленген мерзiм аяқталатын демалыс және мереке күндерi сезiктiден немесе айыпталушыдан жауап алуға қатысқан әрбiр сағатына осы тармақтың бiрiнші абзацында белгіленгеннен екi еседен кем емес мөлшерде ақы төленедi. ҚР Үкіметінің 2001.12.24. № 1683 қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда ; ҚР Үкіметінің 2005.30.09 № 978 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 7. Республикалық бюджет қаражаты есебiнен адвокат көрсеткен заң көмегiне ақы төлеу туралы және сотта қорғауға және өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы қаулыда немесе ұйғарымда (бұдан әрi - қаулы немесе ұйғарым) мыналар көрсетiледi: тиiстi соттың атауы, қаулыны немесе ұйғарымды шығарған судьяның лауазымы, тегі, аты-жөнi; iстiң нөмiрi, атауы, оның қаралған орны, күнi және уақыты; заң көмегіне ақы төлеуден босатылған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты; тапсырманы орындаған адвокаттың тегi, аты, әкесiнің аты, оның өкiлеттігін куәландыратын ордердiң нөмiрi және берiлген күнi; күнi мен сағатпен бөлінген уақыты және төлеуге жататын сомасы көрсетiле отырып, адвокат көрсеткен заң көмегiнiң түрлерi; күнi, уақыты және төлеуге жататын сомасы көрсетіле отырып, адвокаттың сот отырысының басталуын күтуге жұмсаған сағаттарының саны; күнi, уақыты және төлеуге жататын сомасы көрсетiле отырып, адвокаттың басты сот талқылауы кейiнге қалдырылған жағдайда оның жалғасын күтуге жұмсаған сағаттарының саны; өтеуге жататын шығыстардың түрлерi мен сомасы көрсетiле отырып, адвокаттың заң көмегiн көрсету үшін жол жүруiмен байланысты iссапарға жұмсаған күндерінің саны; төлеуге жататын жалпы сома; адвокат мүшесi болып табылатын тиiсті адвокаттар алқасының толық атауы мен банк деректемелерi. Ақы төлеуге жататын уақыт адвокаттың: қылмыстық немесе азаматтық iстiң не әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы iстiң материалдарымен, cот отырыстарының хаттамаларымен танысуға; қамауда ұсталатын сотталушымен немесе сотталған адаммен не әкімшілiк ұстауға тартылған адаммен кеңесу кезiнде заң көмегiн көрсетуге; қылмыстық және азаматтық iстер бойынша бiрiншi, апелляциялық және қадағалау сатыларындағы соттарға не әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзуге қатысуға; қылмыстық не азаматтық iс бойынша аппелляциялық немесе қадағалау шағымдарын, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымдар, cот отырыстарының хаттамаларына ескертулер жасауға жұмсаған сағаттарымен есептеледi. Егер адвокат қылмыстық iс бойынша алдын ала тергеуге немесе анықтауға қатыспаса сотқа дейiнгі дайындық барысында осы iстiң материалдарымен не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істің немесе азаматтық iстің материалдарымен, сондай-ақ сот отырысының хаттамасымен танысқаны үшін ақы төлеуге жататын уақытты iстің күрделілігін ескере отырып, судья белгілейдi. Бұл ретте қылмыстық iс материалдарының бiр томын зерделеуге кеткен уақыттың ең аз мөлшерi үш сағаттан, азаматтық iс немесе әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы iс - бiр сағаттан, сот отырысының хаттамасымен танысу және оған ескертулер жасау eкі сағаттан кем болмайды. Адвокаттың қамауда ұсталатын сотталушымен не сотталған адаммен не әкiмшiлiк ұстауға тартылған адаммен кездесу кезiнде заң көмегiн көрсетуге жұмсаған уақыты тергеу изоляторларының, уақытша ұстау изоляторларының немесе iшкi iстер органдарының арнайы қабылдау орындарының анықтамалары бойынша белгiленедi. Сотқа қатысқаны үшін ақы төлеуге жататын уақыт соттың жазбаша немесе өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып жасаған хабарламасында көрсетiлген уақытта адвокаттың келген сәтiнен бастап, егер адвокат осы уақытта басқа iстерге қатыспаса, төрағалық етушi сот отырысының жабылуы туралы хабарлағанға дейiн есептеледi және cот отырысы хаттамасында тiркеледi. Сотталушы немесе әкiмшiлiк жауапкершілікке тартылған адам Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексiнің 72-бабының не Қазақстан Республикасының Әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 589-бабының тәртібімен тағайындалған адвокаттан бас тартқан кезде, адвокаттың iс материалдарымен танысуға, кездесу кезiнде заң көмегiн көрсетуге, осындай бас тартуды іс жүргізу ресiмдеуiне жұмсаған уақыты, сондай-ақ басқа жерге жол жүрген жағдайда iссапар және басқа да шығыстары төленуге жатады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі 321-бабының 1-бөлігінде белгiленген тәртiппен іс бойынша басты сот талқылауын басқа уақытқа не басқа күнге кейінге қалдырған жағдайда, егер адвокат бұл уақытта басқа iстер бойынша іс жүргізуге қатыспаса, адвокаттың басты сот талқылауының жалғасын күтуге жұмсаған барлық, бiрақ бір күннен аспайтын жұмыс уақыты төленуге жатады. Адвокат басқа жерге жол жүріп заң көмегiн көрсеткен жағдайда, егер бұл күні басқа iстер бойынша іс жүргізуге қатыспаса іс бойынша сот талқылауының ұзақтығына қарамастан, ақы төлеу толық жұмыс күніне жүргiзiледi. Қылмыстық немесе азаматтық іс бойынша апелляциялық немесе қадағалау шағымын не әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым жасағаны үшін ақы төлеуге жататын уақытты iстің күрделілігін ескере отырып адвокат белгілейдi және ол уақыт екi сағаттан кем болмайды. Қылмыстық iстiң күрделілігін айқындаған кезде қылмыстық істің соттылығы, яғни қылмыстық iстердiң облыстық және оларға теңестірілген соттардың (республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған соттар - Қазақстан Республикасы әскерлерiнің Әскери соты) бірінші сатысы бойынша қаралуы, іс материалдарының көлемi және таңылған қылмыстардың ауырлығы, айыпталушылардың саны есепке алынады. ҚР Үкіметінің 2005.30.09 № 978 Қаулысымен 7-1-тармақпен толықтырылды 7-1. Адвокаттың сотта іс бойынша іс жүргiзуге қатысқан бiр сағат ішіндегі көрсеткен заң көмегiне, соның ішінде, егер ол осы іс бойынша алдын ала тергеуге не анықтауға қатыспаса, сотқа дейінгі дайындық барысында қылмыстық ic немесе әкімшiлік құқық бұзушылық туралы іс не азаматтық іс материалдарымен, сот отырысының хаттамасымен танысқаны, қылмыстық не азаматтық iс бойынша апелляциялық немесе қадағалау шағымын немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша шағым, сондай-ақ сот отырысының хаттамасына ескертулер жасағаны үшін ақы төлеу мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жалақының ең төменгi мөлшерінiң 1/21 есебiнен белгіленеді. Адвокаттың қамауда ұсталатын сотталушымен не сотталған адаммен не әкімшілік ұстауға тартылған адаммен кездесуге жұмсаған уақыты осы тармақтың бiрiншi абзацында белгiленген ақының 75 пайызы мөлшерiнде төленедi. Егер адвокат белгiленген уақытта келсе және басқа iстер бойынша iс жүргiзуге қатыспаса, оның iс бойынша сот талқылауының басталуын күтуге жұмсаған уақытына, сондай-ақ егер адвокат осы уақытта басқа адамдарға заң көмегін көрсетпесе, басты cот талқылауын кейінге қалдыру уақытына осы тармақтың бiрiншi абзацында белгіленген ақының 50 пайызы мөлшерiнде ақы төленедi. ҚР Үкіметінің 2001.12.24. № 1683 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2005.30.09 № 978 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізiледi ) (бұр. ред. қара) 8. Соттың не тиiсті органның қаулысына және ұйғарымына сәйкес адвокаттың басқа жерге жол жүруiне байланысты iссапар шығыстары Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетiнiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерi үшін көзделген нормалар бойынша және тәртiппен төленуге жатады. ҚР Үкіметінің 2001.12.24. № 1683 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді ; ҚР Үкіметінің 2005.30.09 № 978 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізiледi ) (бұр. ред. қара) 9. Қаулының немесе ұйғарымның бiр данасы қылмыстық немесе азаматтық iстiң не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істің материалдарына тiркеледi, екiншi данасы адвокаттар алқасына ұсыну үшін iс бойынша қатысқан адвокатқа беріледi. Адвокаттардың қаулының немесе ұйғарымның екiншi данасын ұсынуы бойынша адвокаттар алқасы республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландыруға жататын сағаттар саны мен қаражат сомасы туралы өтiнiм (бұдан әрi - өтiнiм) жасайды және оны тиiстi республикалық бюджеттік бағдарлама әкiмшісiнiң аумақтық органына (бұдан әрi - аумақтық орган) - есептi айдан кейiнгі айдың 2-күніне дейiнгі мерзiмде, ал желтоқсан үшiн есепті айдың 15-күнінен кешiктірмей жiбередi. Өтінiмге мiндеттi түрде: адвокаттардың алдын ала тергеуге, анықтауға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзуге, сотқа қатысқан күні мен уақытын есепке алу тiзiлiмi және қаулылар мен ұйғарымдардың көшiрмелерi қоса беріледi. ҚР Үкіметінің 2001.12.24. № 1683 қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда ; ҚР Үкіметінің 2005.30.09 № 978 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізiледi ) (бұр. ред. қара) 10. Өтінiмдер түскеннен кейiн аумақтық орган адвокаттарға төленуге жататын қаражаттың сомасы туралы ақпаратты тиiсті республикалық бюджеттік бағдарламаның әкiмшісiне - есептiден кейiнгі айдың 10-күнiнен кешiктiрмей, ал желтоқсан үшін есептi айдың 20-күнiнен кешiктiрмей жiбередi. Аумақтық органға ағымдағы жылдың 15 желтоқсаннан кейiн келiп түскен қаулылар немесе ұйғарымдар келесi жылдың қаржыландыруы есебiнен төлеуге жатады. ҚР Үкіметінің 2001.12.24. № 1683 қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда 11. ҚР Үкіметінің 2005.30.09 № 978 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 2001.12.24. № 1683 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді 12. ҚР Үкіметінің 2005.30.09 № 978 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |