|
|
|
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін мекемелерде ұстау негiздерiн, тәртібі мен шарттарын бекіту мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат): 1) 94-баптың 3-тармағындағы «немесе соттың шешiмi бойынша» деген сөздер алып тасталсын; 2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын: «Мәжбүрлі тәртіппен ауруханаға жатқызылған адамға диагнозды психиатр дәрігерлер комиссиясы қояды.»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Дәрiгер психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегушi адамға, егер ол жазылған ақпараттың мәнісін дұрыс қабылдай алатын болса, немесе оның заңды өкіліне психиканың бұзылуының (ауруының) сипаты, емдеу мақсаттары мен әдiстерi туралы жазбаша ақпаратты, сондай-ақ ұсынылатын емдеудiң ұзақтығы, ықтимал ауруды сезiну, жанама әсерлер туралы және күтiлетiн нәтижелер туралы деректердi психиатриялық куәландыру жүргізілген кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде бередi. Медициналық құжаттамада берiлген ақпарат туралы жазба жасалады. Қалған жағдайларда бұл ақпарат осы Кодекстің 95-бабының 4-тармағына сәйкес ұсынылуы мүмкін.»; 7-тармақта: «ерiксiз» деген сөз «мәжбүрлеп» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын: «Адамды оның келісімінсіз ауруханаға жатқызу кезінде оны психиатриялық ұйымға орналастырған кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде психиатр дәрігерлер комиссиясының емдеу тәртібі туралы шешімді қабылдау қамтамасыз етілуге тиіс.»; 3-тармақтағы «Заңды өкiлi» деген сөздер «Тексерілетін адамның немесе кәмелетке толмаған адамның заңды өкілі» деген сөздермен ауыстырылып, «кәмелетке толмаған адамды» деген сөздер алып тасталсын; 8-тармақтағы «психиатр дәрiгер» деген сөздер «психиатр дәрігерлер комиссиясы» деген сөздермен ауыстырылсын; 10 және 11-тармақтар алып тасталсын; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12. Психиатриялық куәландыру туралы өтiнiш жазбаша түрде болуға, онда мұндай куәландырудың қажеттiгiн негiздейтiн толық мәлiметтер және ол адамның (не оның заңды өкiлiнiң) психиатр дәрiгерге көрiнуден бас тартатыны туралы деректер қамтылуға тиiс. Психиатр дәрiгер шешiм қабылдау үшiн қажеттi қосымша мәлiметтер сұратуға құқылы. Психиатр дәрiгер өтiнiште осы баптың 5-тармағында көзделген мән-жайлардың жоқ екенiн анықтап, психиатриялық куәландырудан жазбаша түрде дәлелдi себеппен бас тартады.»; 4) 124-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын: «6. Динамикалық байқауды тоқтату туралы мәселені қарау психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамның өзінің бастамасы бойынша, сондай-ақ оның заңды өкілінің бастамасы бойынша осы баптың 3-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылуы мүмкін.»; мәтін бойынша «ерiксiз түрде» деген сөздер «мәжбүрлеп» деген сөзбен ауыстырылсын; 1-тармақтағы «не сот ұйғарымы» деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызуға сот шешімінің негізінде жол беріледі. Сот шешім шығарғанға дейін адамды психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызуға тек қана осы Кодекстің 94-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген салдарға жол бермеу мақсатында жол беріледі. Сот шешімінсіз ауруханаға мәжбүрлеп жатқызудың әрбір жағдайында психиатриялық ұйымның әкімшілігі адамды психиатриялық стационарға орналастырған кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде прокурорға жазбаша хабарлама жібереді. Жұбайы-зайыбы, жақын туыстары және (немесе) заңды өкілдері туралы мәліметтер болған кезде психиатриялық ұйымның әкімшілігі адамды психиатриялық стационарға орналастырған кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде оларды хабардар етеді.»; 5-тармақ алып тасталсын; 6-тармақ «жүзеге асырылады,» деген сөздерден кейін «ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылданған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жазбаша хабарланып,» деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақтағы «Заңды өкiлдерiнiң өтiнiшi бойынша немесе олардың жазбаша келісімiмен психиатриялық» деген сөздер «Психиатриялық» деген сөзбен ауыстырылсын; 3-тармақтағы «бұл туралы» деген сөздер «көрсетілген мән-жайлар анықталған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде бұл туралы прокурорға және» деген сөздермен ауыстырылсын; 7) 127-баптың мәтініндегі «еріксіз» деген сөз «мәжбүрлеп» деген сөзбен ауыстырылсын; 3-тармақта: «еріксіз түрде» деген сөздер «мәжбүрлеп» деген сөзбен ауыстырылсын; «қорытындысы» деген сөзден кейін «, сот шешімі не прокурордың қаулысы бойынша» деген сөздермен толықтырылсын; 5-тармақтағы «еріксіз түрде» деген сөздер «мәжбүрлеп» деген сөзбен ауыстырылсын; 9) 129-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Кәмелетке толмаған адамды психоневрологиялық ұйымға орналастыру үшiн - психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы; сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған адам үшін психиатр дәрiгердiң қатысуымен дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы негiзiнде қабылданған қорғаншы және қамқоршы органның шешiмi негiз болып табылады. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегушi, бірақ әрекетке қабілетсіз деп танылмаған, кәмелетке толған адамды психоневрологиялық ұйымға орналастыру сот шешімі бойынша жүзеге асырылады. Қорытындыда адамның оны әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған мамандандырылмаған ұйымда болу мүмкiндiгiнен айыратындай болып психикасының бұзылғаны (ауруы) туралы, ал адамның әрекетке қабiлеттiлiгiне қатысты - сот алдында оны әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы мәселе қоюға негiздiң жоқтығы туралы мәлiметтер де куәландырылуға тиiс.». 2. «Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы» 1995 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 32-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 23, 142-құжат): 1) бүкіл мәтін бойынша: «мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерiнде», «Мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерiнде», «Мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерiне», «мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесiне», «мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесiнде», «Мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерiнен», «Мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесiнде», «мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерiне», «мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемелерiнен», «Мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемелерiнен» деген сөздер тиісінше «мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарда», «Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарда», «Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарға», «мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымға», «мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымда», «Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдардан», «Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымда», «мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарға», «мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдардан», «Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдардан» деген сөздермен ауыстырылсын; «наркологиялық мекемелерiне», «наркологиялық мекемеге», «Наркологиялық мекемеге», «наркологиялық мекемелерге» деген сөздер тиісінше «наркологиялық ұйымдарына», «наркологиялық ұйымға», «Наркологиялық ұйымға», «наркологиялық ұйымдарға» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын: «1-1-бап. Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым - негізгі міндеті сот оларға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданған адамдарды емдеу болып табылатын медициналық денсаулық сақтау ұйымы. Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымның күзетін ұйымдастыру ұйымның әкімшілігіне жүктеледі және Қазақстан Республикасының күзет қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»; бірінші бөліктегі «аудандық (қалалық) халық соты» деген сөздер «сот» деген сөзбен ауыстырылсын; алтыншы бөлікте: «60-тан асқан ерлер мен 55-тен асқан әйелдерге,» деген сөздер алып тасталсын; «Денсаулық сақтау министрлігі» деген сөздер «Үкіметі» деген сөзбен ауыстырылсын; «жүйке және ағза ауруларымен ауыратындарға» деген сөздер «медициналық қарсы айғақтары барларға» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын: «6-бап. Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарда емдеудi ұйымдастыру Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарға мәжбүрлеп емдеуге жiберiлген ауруларды емдеу тәртібі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетін Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым туралы ережемен регламенттеледi.»; 5) мынадай мазмұндағы 6-1, 6-2, 6-3 және 6-4-баптармен толықтырылсын: «6-1-бап. Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдағы алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындардың тәртіп қағидасы және оларды орналастыру шарттары 1. Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымда алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындардың медициналық ұйғарымдарды орындауын, оларды үнемі қадағалауды қамтамасыз ететін және олардың өз бетімен кетіп қалу мүмкіндігін болғызбайтын шарттар белгіленеді. 2. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын аурулардың мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымның аумағынан шығуына тек емдеу-диагностикалық, оңалту іс-шараларын жүргізу және еңбек қызметін жүзеге асыру үшін медициналық персоналдың, күзет қызметкерлерінің немесе мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым өкілдерінің бірге ілесіп жүруімен ғана рұқсат етіледі. 3. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындар қажетті материалдық-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етіледі, оларға жеке жатын орын мен төсек жабдығы беріледі. Олар жынысы мен климаттық жағдайлар ескеріле отырып, маусымдық киіммен, іш киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз етіледі. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Ас қорыту органдары ауруларына шалдыққан адамдар диеталық тамақпен қамтамасыз етіледі. 4. Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарға ақшаны және тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, сақтауға тыйым салынған заттарды өзімен бірге ұстауға рұқсат етілмейді. Алып қойылған ақша мен сақтауға тыйым салынған заттар туысқандарына қайтарылады, ал олар болмаған жағдайда мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымның сақтау камерасына тапсырылып, науқас шыққанға дейін сақталады. 5. Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдағы алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарды ұстау шарттары денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін ішкі тәртіп қағидасында белгіленеді. 6. Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан, ішкі тәртіп қағидасын бұзатын немесе емдеуден жалтарған алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындар, егер олардың іс-әрекеті айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына немесе тікелей өзіне қауіп төндірсе, арнайы палатаға орналастырылады. Арнайы палатаға орналастыру адамды орналастырған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде прокурорға хабарланып, мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым басшысының жазбаша өкімі бойынша он тәулікке дейінгі мерзімге жүргізіледі. Басшы жұмыс орнында болмаған жағдайда, арнайы палатаға орналастыру туралы шешімді, кейіннен басшыға баяндаухат жаза отырып, мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымның лауазымы жоғары қызметкері қабылдайды, басшы арнайы палатада ұстау мерзімін жазбаша өкіммен айқындайды. 7. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындардың мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымнан өз бетімен кетіп қалуы, сол сияқты ұйымға белгіленген мерзімде келмеуі емделуден жалтару болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады. Оларды мәжбүрлеп емдеуге әкелуді сот қаулысының негізінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жүзеге асырады. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындардың мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымды өз бетімен тастап кеткен кезеңі емделу мерзіміне есептелмейді. 6-2-бап. Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарға медициналық-санитариялық қызмет көрсету Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарға медициналық-санитариялық қызмет көрсету Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 6-3-бап. Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындардың еңбек қызметін ұйымдастыру Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындар өздерінің қалауы бойынша жұмыспен қамтамасыз етіледі, оларға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы қолданылады. 6-4-бап. Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындардың құқықтары мен міндеттері 1. Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындар азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген барлық құқықтары мен бостандықтарын пайдаланады. Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруын шектеуге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ғана жол беріледі. 2. Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындардың: 1) мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымның ішкі тәртіп қағидаларымен және осы мекемеде болу тәртібін регламенттейтін өзге де құжаттармен танысуға; 2) тамақтануға, оларға материалдық-тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетілуіне; 3) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға; 4) дербес жеке шотындағы қаражаты есебінен тамақ өнімдерін және бірінші кезектегі қажеттілік заттарын, сондай-ақ мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымның аумағында сақтауға және пайдалануға тыйым салынбаған өзге де заттарды сатып алуға; 5) ішкі тәртіп қағидаларында айқындалған тәртіппен жақын туысқандарымен кездесуге; 6) шектеусіз хат-хабар алмасуға; 7) ішкі тәртіп қағидаларында айқындалған тәртіппен сәлемдемелер алуға, жөнелтімдер жіберуге және алуға; 8) өздерінің жеке шотына аударылатын ақша аударымдарын алуға; 9) емдеу нәтижелі болған жағдайда, он тәулікке дейінгі қысқа мерзімді демалыс алуға; 10) ішкі тәртіп қағидаларының және мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымда ұсталушы басқа да адамдардың құқықтарының сақталуы шартымен діни жоралар жасауға; 11) күн сайын серуендеуге; 12) ұйым қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға, прокуратура органдарына, сотқа шағымдануға құқығы бар. 3. Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындар: 1) белгіленген ішкі тәртіп қағидаларын сақтауға; 2) мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым әкімшілігінің және медициналық персоналдың заңды талаптарын орындауға; 3) белгіленген емді қабылдауға; 4) ұйымның мүлкіне ұқыпты қарауға; 5) мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымда тазалық пен тәртіп сақтауға, сондай-ақ оның аумағында аптасына екі сағаттан аспайтын жинау жұмыстарын жүзеге асыруға; 6) жеке гигиенаны сақтауға міндетті. 4. Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындар құқық бұзушылықтар жасағаны және (немесе) материалдық нұқсан келтіргені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.»; 6) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын: «7-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарды мәжбүрлеп емдеуді тоқтату негіздері мен тәртібі 1. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындар мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдардан: 1) сот айқындаған мәжбүрлеп емдеу мерзімі аяқталғаннан кейін; 2) соттың қаулысы бойынша - мәжбүрлеп емдеуді жүргізуге кедергі келтіретін ілеспелі ауыр аурулардың анықталуына байланысты; 3) соттың қаулысы бойынша - нәтижелі емделуіне байланысты мерзімінен бұрын, бірақ кемінде алты айдан кейін шығарылады. Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымда жатқан алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындар емделуден жалтарған жағдайда, наркологиялық ұйым әкімшілігінің медициналық қорытындыға негізделген өтініші негізінде олардың болу мерзімі соттың шешімі бойынша бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Бұл ретте наркологиялық ұйымда болу уақыты екі жылдан аспауға тиіс. 2. Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымнан шығарылған адамдарға олардан алып қойылған және ұйымның сақтау камерасында сақталған құжаттары, ақшасы мен заттары қайтарылады. Еңбек кітапшасында мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымда болған кезеңіндегі еңбек қызметі туралы белгі қойылады, ал еңбек кітапшасы болмаған жағдайда анықтама беріледі. 3. Ұйым әкімшілігі тұрмыстық жағдайына және еңбекке орналастыруда көмек көрсету үшін тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органға және байқауды қамтамасыз ету үшін тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау ұйымына мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымнан босатылатын адамдар туралы хабарлайды.». 3. «Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 6, 190-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; 2009 ж., № 24, 128, 130-құжаттар): 1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы»; 2) мынадай мазмұндағы кіріспемен толықтырылсын: «Осы Заң қоғамнан уақытша оқшаулауды заңды негіздерде қамтамасыз ететін арнаулы мекемелер қызметінің құқықтық негіздерін айқындайды, сондай-ақ оларда ұсталатын адамдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.»; 4) 2 және 3-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) арнаулы қабылдау орны - ішкі істер органдарының әкімшілік қамауға алынған адамдарды қабылдауға және ұстауға арналған арнаулы мекемесі; 2) арнаулы мекемелер - тергеу изоляторы, уақытша ұстау изоляторы, қабылдау-бөлу орны, арнаулы қабылдау орны; 3) әкімшілік қамауға алынған адам - өзіне қатысты сот әкімшілік қамауға алуды қолдану туралы қаулы шығарған адам; 4) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адам - Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген немесе тұрғын үйі жоқ адам; 5) бір адамдық камера - күзетке алынған бір адамды барынша толық және қатаң оқшаулау мақсатында ұстауға арналған арнаулы үй-жай; 6) жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу - белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамға қатысты, ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінде оны уақытша оқшаулаудан тұратын құқық бұзушылықтың жеке профилактика шарасы; 7) карцер - күзетте ұстаудың белгіленген тәртібін қасақана бұзған адамды ұстауға арналған бір адамдық камера; 8) қабылдау-бөлу орны - ішкі істер органдарының белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды, оның іс-әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылық және қылмыс белгілері болмаған кезде және олардың жеке басын өзге де тәсілдермен анықтау мүмкін болмаған кезде оларды қабылдауға және ұстауға арналған арнаулы мекемесі; 9) камера - қабылдау-бөлу орнына, арнаулы қабылдау орнына, уақытша ұстау изоляторына, тергеу изоляторына орналастырылған адамдарды ұстауға арналған үй-жай; 10) күзетте ұстау - адамдарды сот санкциясымен арнаулы мекемелерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақытша оқшаулау; 11) тергеу изоляторы - бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылған, қылмыстың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды, сондай-ақ шаруашылық қызметтер көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін қалдырылған сотталғандарды ұстауға арналған арнаулы мекеме; 12) уақытша ұстау изоляторы - қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдарды күзетте ұстауға арналған арнаулы мекеме. 3-бап. Адамдарды арнаулы мекемелерде ұстау мақсаты Адамдарды арнаулы мекемелерде ұстау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды орындау мақсатында жүзеге асырылады.»; 5) 4-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «Күзетте», «күзетте» деген сөздер тиісінше «Арнаулы мекемелерде», «арнаулы мекемелерде» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) 5 және 6-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «5-бап. Адамдарды арнаулы мекемелерге орналастыру негіздері Адамдарды арнаулы мекемелерге орналастыру негіздері: 1) бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылған, қылмыстың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды тергеу изоляторына орналастыру судьяның қаулысы бойынша жүзеге асырылады; 2) қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталғандарды уақытша ұстау изоляторына орналастыру тергеуші не анықтаушы толтырған ұстау хаттамасы бойынша жүзеге асырылады. Бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылған күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталушыларды уақытша ұстау изоляторына орналастыру алыс болуына немесе тиісті жол қатынасының болмауына байланысты тергеу изоляторына жеткізу мүмкін болмаған жағдайларда, судьяның қаулысы бойынша жүзеге асырылады; 3) әкімшілік қамауға алынған адамдарды арнаулы қабылдау орындарына орналастыру судьяның оларды қамауға алу туралы қаулысының негізінде жүзеге асырылады; 4) белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды қабылдау-бөлу орнына орналастыру ішкі істер органдарының сот санкциялаған қаулысы негізінде жүзеге асырылады. 6-бап. Арнаулы мекемелерде ұсталушы адамдардың құқықтық жағдайы 1. Арнаулы мекемелерде ұсталушы адамдар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген шектеулермен, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады. 2. Арнаулы мекемелерде ұсталушы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Конституцияда, заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады.»; 7) 7-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «7-бап. Қылмыстың жасалуына күдікті, айыпталушы адамдарды күзетте ұстау орындары»; 8) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын: «9-1-бап. Ішкі істер органдарының қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары 1. Қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады. 2. Қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары қызметінің тәртібі мен ұйымдастырылуын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайды. 3. Қабылдау-бөлу орындарын және арнаулы қабылдау орындарын қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»; 9) 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Қылмыстың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау»;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |