ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 12 маусымдағы № 390 және ҚР Энергетика министрінің 2019 жылғы 14 маусымдағы № 220 бірлескен бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2010 жылғы 4 қарашадағы № 486 және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің м.а. 2010 жылғы 5 қарашадағы № 283-ө бірлескен бұйрығына қосымша
«Жобалау-іздестіру қызметіне лицензиялар беру» мемлекеттік қызметтер көрсету
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Жобалау-іздестіру қызметіне лицензиялар беру» мемлекеттік қызметтер көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді. 2. Жобалау-іздестіру қызметіне лицензиялар беру (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) - жеке немесе заңды тұлғаға (бұдан әрі - тұтынушылар) жобалау-іздестіру қызметімен айналысуға құқығын беру рәсімі. 3. Мемлекеттік қызмет Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) және облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары (бұдан әрі - уәкілетті орган) арқылы көрсетіледі. 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 5. Мемлекеттік қызмет «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 33-бабы, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 32-бабы және «Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 қазандағы № 1036 қаулысының негізінде көрсетіледі. 6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі жобалау-іздестіру қызметі жүзеге асыруға лицензия беру немесе қағаз жеткізгіштерде оны беруден дәлелді бас тарту болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|