|
|
|
«Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2016 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 862 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2016 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 57, 491-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 10 қыркүйектегі № 1039 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2016 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелдік медицина ұйымына емделуге жіберу тәртібін және шарттарын реттейді. 2. Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелдік медицина ұйымдарына емделуге жіберуді Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы (бұдан әрі - Уәкілетті орган) бюджет қаражаты есебінен: 1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін аурулардың тізбесіне сәйкес; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |