«Салалық марапаттау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 689 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 429 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Салалық марапаттау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 689 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5876 тіркелген, 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 187 Заң газетінде жарияланған) (бұдан әрі - Бұйрық) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: Бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі марапаттауының мынадай түрлері бекітілсін: 1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен марапаттау; 2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Алғысын жариялау; 3) ақшалай сыйақы беру.»; мынадай мазмұндағы 6-1 тармақпен толықтырылсын: «6-1. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 236-бабына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін ақшалай сыйақы түрінде марапаттау лауазымдық міндеттерін мінсіз адал атқарғаны, жұмыстарды, оның ішінде ерекше қиын және шұғыл жұмыстарды жоғары сапалы орындағаны үшін, бастамасы, шығармашылық белсенділігі және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін жүзеге асырылады. Бастапқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі - БМСК) ұйымдарының әлеуметтік қызметкерлеріне ақшалай сыйақы беру БМСК тарифіне қосымша компонентке нысаналы ағымдағы трансферттер түрінде бөлінген республикалық бюджет қаражаты есебінен төленеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|