|
|
|
Адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережені бекіту туралы (2013.29.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Әділет министрінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 1439 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет туралы» Заңының 8-бабы 7-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережесі бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетіне жүктелсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Әділет министрінің 2013.29.03. № 96 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2012 жылғы 8 ақпандағы № 54 бұйрығымен бекітілген
Адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) адвокаттың тағылымдамадан өтушілеріне (бұдан әрі - тағылымдамадан өтушілер) қабылдау шарттарын, тағылымдамадан өтушілердің тағылымдамадан өту тәртібін белгілейді. 2. Қазақстан Республикасының жоғары заң білімі бар азаматы тағылымдамадан өтуші болып табылады. Адвокаттық қызметтің кәсіби білімдері мен практикалық дағдыларын игеру тағылымдамадан өтудің мақсаты болып табылады. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судьяның өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар тағылымдамадан өтпейді.
2. Тағылымдамадан өтуге жіберу, тағылымдамадан өту туралы шарт жасасу тәртібі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |