|
|
|
Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына енетін су объектілерінде 2012 жылға арналған балық аулау көлемін бекіту туралы
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ертіс экология департаменті Шығыс Қазақстан филиалының 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 3-2-12/3230, Есіл экология департаментінің Ақмола филиалының 2011 жылғы 28 желтоқсандағы №№ 03-09/4019, 03-09/4020, 03-09/4021, Ертіс экология департаментінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 3-2-12/5078, Балқаш-Алакөл экология департаментінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 04-08/6352 мемлекеттік экологиялық сараптамасының оң қорытындысы негізінде БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2012 жылға арналған заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына енетін су объектілерінде балық аулау көлемі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Е. Нысанбаев) Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялауын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы министрі м.а. 2012 жылғы 9 тамыздағы № 17-02/405 бұйрығына қосымша
Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына енетін су объектілерінде 2012 жылға арналған балық аулау көлемі
тонна
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |