|
|
|
Қазақстан Республикасының (2012.10.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 23 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) мазмұны өзгертілді Мазмұны
1-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы 2-бап. Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының қолданылуы 3-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар 4-бап. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің принциптері 5-бап. Бюджеттің түсімдері мен шығыстарына әсер ететін нормативтік құқықтық актілер
2-тарау. Бюджеттің түрлері мен деңгейлері 6-бап. Бюджеттің түрлері мен деңгейлері туралы жалпы ережелер 7-бап. Республикалық бюджет 8-бап. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері 9-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті 10-бап. Төтенше мемлекеттік бюджет
11-бап. Бюджет түсімдері 12-бап. Бюджет шығыстары 13-бап. Бюджет құрылымы 14-бап. Республикалық бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) 15-бап. Таза бюджеттік кредиттеу 16-бап. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 17-бап. Бюджет тапшылығы (профициті) 18-бап. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)
4-тарау. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері 19-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері туралы жалпы ережелер 20-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану
5-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру, пайдалану және басқару 21-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры 22-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздері 23-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану 24-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін кепілдік берілген трансферт 25-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес
6-тарау. Бірыңғай бюджеттік сыныптама 26-бап. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың анықтамасы 27-бап. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың құрамы 28-бап. Бюджет түсімдерінің сыныптамасы 29-бап. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы 30-бап. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы 31-бап. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі 32-бап. Бюджеттік бағдарламалар 33-бaп. Бюджеттік бағдарламалардың түрлері 34-бап. Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыруға және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар 35-бап. Трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалар 36-бап. Бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалар 37-бап. Бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар 38-бап. Күрделі шығыстарды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар 39-бап. Мемлекеттің міндеттемелерін орындауға бағытталған бюджеттік бағдарламалар 39-1-бап. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар 40-бап. Барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен олардың мекемелерінің, сондай-ақ қорғалатын тұлғалардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін органдардың шығыстарын сыныптау 41-бап. Мемлекеттік тапсырма
7-тарау. Бюджетаралық қатынастар 42 -бап. Бюджетаралық қатынастар туралы жалпы ережелер 43-бап. Бюджетаралық қатынастардың принциптері 44-бап. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары 45-бап. Жалпы сипаттағы трансферттер 46-бап. Нысаналы трансферттер 47-бап. Төмен тұрған бюджеттерге берілетін бюджеттік кредиттер 48-бап. Трансферттерді пайдалану кезінде нәтижелерге қол жеткізбегені үшін жауаптылық
2-бөлім. Бюджет деңгейлері арасында түсімдер мен шығыстарды бөлу 49-бап. Республикалық бюджетке түсетін түсімдер 50-бап. Облыстық бюджетке түсетін түсімдер 51-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне түсетін түсімдер 52-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне түсетін түсімдер
9-тарау. Бюджет деңгейлері арасында шығыстарды бөлу 53-бап. Республикалық бюджеттің шығыстары 54-бап. Облыстық бюджеттің шығыстары 55-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің шығыстары 56-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің шығыстары
10-тарау. Бюджеттік комиссиялар 57-бап. Бюджеттік комиссиялар туралы негізгі ережелер 58-бап. Бюджеттік комиссиялардың құзыреті 59-бап. Бюджеттік комиссиялардың құрамы мен жұмыс органдары
3-бөлім. Бюджетті әзірлеу, қарау, бекіту 11-тарау. Бюджетті жоспарлау негіздері 60-бап. Бюджетті жоспарлаудың негіздері туралы жалпы ережелер 61-бап. Әлеуметтік-экономикалық дамудың болжамы 62-бап. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары 63-бап. Операциялық жоспар
64-бап. Бюджетті әзірлеу туралы жалпы ережелер 65-бап. Бюджет түсімдерін болжау 66-бап. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынатын құжаттар 67-бап. Бюджеттік өтінім 68-бап. Стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларын және бюджеттік өтінімдерді қарау 69-бап. Заттай нормалар 70-бап. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуінен түсетін ақша 71-бап. Республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзірлеу 72-бап. Облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу 73-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу
13-тарау. Бюджеттің жобасын қарау және бекіту процесінің негізгі ережелері 74-бап. Республикалық бюджеттің жобасын қарау және бекіту туралы жалпы ережелер 75-бап. Жергілікті бюджеттің жобасын қарау және бекіту туралы жалпы ережелер 76-бап. Өкілді органдардың бюджеттер жобаларын қарауының негізгі принциптері 77-бап. Республикалық бюджеттің жобасын Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау 78-бап. Жергілікті бюджеттің жобасын мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарау 79-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет туралы заңды және жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы қаулылары
14-тарау. Төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу, енгізу немесе оның қолданысын тоқтату 80-бап. Төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу, енгізу немесе оның қолданысын тоқтату үшін негіз 81-бап. Төтенше мемлекеттік бюджеттің жобасын әзірлеу
4-бөлім. Бюджеттердің атқарылуы 15-тарау. Бюджеттің атқарылуы туралы жалпы ережелер 82-бап. Бюджеттердің атқарылуы туралы жалпы ережелер 83-бап. Қазақстан Республикасының кейбір заңдарының ерекшеліктерін ескере отырып, бюджеттің атқарылуы
16-тарау. Бюджеттің атқарылу процесі 84-бап. Бюджеттің атқарылу негізі болып табылатын құжаттар 85-бап. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары
17-тарау. Бюджеттің кассалық атқарылуына қызмет көрсету жөніндегі шоттар 86-бап. Бірыңғай қазынашылық шот 87-бап. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның шетел валютасындағы шоттары 88-бап. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары 89-бап. Мемлекеттік мекемелердің шоттары
90-бап. Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы 91-бап. Түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жазу 92-бап. Түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасында бөлу 93-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансфертті тарту 94-бап. Түсімдердің артық (қате) төленген сомасын бюджеттен қайтару не оларды берешекті өтеу шотына есепке жатқызу 95-бап. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы 96-бап. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері 97-бап. Төлемдерді және ақша аударымдарын ұлттық валютамен жүзеге асыру 98-бап. Инкассолық өкім 99-бап. Төлемдер мен ақша аударымдарын валюталардың түрлері бойынша шетел валютасымен жүзеге асыру 100-бап. Азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуді және төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізуді тоқтата тұру 100-1-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің төлемдері жүргізілуін және ақша аударымдарын тоқтата тұру 101-бап. Бюджет ақшасын басқару 102-бап. Мемлекеттік мекемелердің өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін ақша бойынша атқару 103-бап. Қаржы жылының аяқталуы 104-бап. Бюджет қаражатының қалдықтары 105-бап. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жауапкершілігі
106-бап. Бюджетті нақтылау 107-бап. Республикалық бюджетті нақтылау 108-бап. Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін нақтылау 109-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау
20-тарау. Секвестр және бюджетті түзету 110-бап. Секвестр 111-бап. Бюджетті түзету
21-тарау. Бюджеттік мониторинг және нәтижелерді бағалау 112-бап. Бюджеттік мониторинг 113-бап. Нәтижелерді бағалау
22-тарау. Бухгалтерлік есепке алу жүйесі 114-бап. Бухгалтерлік есепке алудың және қаржылық есептіліктің мақсаты 115-бап. Бухгалтерлік есепке алудың мен қаржылық есептіліктің принциптері мен негізгі сапалық сипаттамалары 116-бап. Бухгалтерлік есепке алу жүйесі
117-бап. Қаржылық есептілік 118-бап. Шоғырландырылған қаржылық есептілік 119-бап. Есепті кезең 120-бап. Қаржылық есептілікті ұсыну
6-бөлім. Бюджеттік есепке алу мен есептілік 24-тарау. Бюджеттік есепке алу 121-бап. Бюджеттік есепке алу бойынша негізгі ережелер 122-бап. Бюджеттік есепке алуды жүргізу 123-бап. Бюджеттік есептіліктің сапалық сипаттамалары 124-бап. Бюджеттік есептіліктің түрлері 125-бап. Бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсыну 126-бап. Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есеп
25-тарау. Бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп 127-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну 128-бап. Қазақстан Республикасының Парламентінде Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылау және бекіту 129-бап. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну 130-бап. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту 131-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну 132-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту
26-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есеп 133-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау 134-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті ұсыну және бекіту
7-бөлім. Мемлекеттік қаржылық бақылау 27-тарау. Мемлекеттік қаржылық бақылау туралы жалпы ережелер 135-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылау 136-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының жүйесі 137-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың принциптері мен стандарттары 138-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың үлгілері 138-1-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінде анықталатын бұзушылықтар сыныптауышы 139-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың түрлері 140-бап. Бақылау нәтижелері бойынша қабылданатын актілер
28-тарау. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары 141-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің құзыреті 142-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының құзыреті 143-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның құзыреті 144-бап. Ішкі бақылау қызметттері 145-бап. Мемлекеттік органдардың және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының өзара іс-қимылы
29-тарау. Мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізудің негіздері 146-бап. Бақылау объектісі басшысының құқықтары мен міндеттері 147-бап. Бақылау нәтижелері туралы есептілік 148-бап. Мүдделер қақтығысы 149-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, бақылау объектілері лауазымды адамдарының жауапкершілігі 150-бап. Дауларды шешу
8-бөлім. Бюджеттік инвестициялар 30-тарау. Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау 151-бап. Бюджеттік инвестициялар туралы жалпы ережелер 152-бап. Бюджеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау 153-бап. Инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу 154-бап. Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу және бюджетті әзірлеу сатысында бюджеттік инвестициялық жобаларды іріктеу 155-бап. Концессиялық жобаларды жоспарлау 155-1 бап. Концессиялық ұсыныстарды әзірлеу және іріктеу 155-2-бап. Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу 155-3-бап. Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу 155-4-бап. Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларды бюджет жобасына енгізу негіздері 156-бап. Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жоспарлау 156-1-бап. 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен алып тасталды
31-тарау. Бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру 157-бап. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру 158-бап. Бюджеттен концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру 159-бап. Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру
9-бөлім. Концессиялық міндеттемелер 32-тарау. Концессиялық міндеттемелер 160-бап. Концессиялық міндеттемелер туралы жалпы ережелер 161-бап. Концессиялық міндеттемелердің есепке алынуы және мониторингі 162-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерді қабылдауы және орындауы
33-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелері 163-бап. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерді қабылдауы 164-бап. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелер қабылдауын шектеу 165-бап. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерді орындауы
34-тарау. Байланыссыз және байланысты гранттар туралы жалпы ережелер 166-бап. Байланыссыз гранттар 167-бап. Байланысты гранттарды жоспарлау 168-бап. Байланысты гранттарды тарту
35-тарау. Байланысты гранттарды пайдалану 169-бап. Байланысты гранттарды пайдалану 170-бап. Байланысты гранттарды пайдалану мониторингі және бағалау
36-тарау. Бюджеттік кредиттеудің жалпы ережелері 171-бап. Бюджеттік кредиттеу туралы негізгі ережелер 172-бап. Бюджеттік кредиттеу принциптері 173-бап. Бюджеттік кредиттеу өлшемдері 174-бап. Бюджеттік кредиттеу субъектілері 175-бап. Кредитор 176-бап. Бюджеттік кредиттеу субъектісі ретіндегі бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі 177-бап. Қарыз алушылар 178-бап. Түпкілікті қарыз алушылар 179-бап. Сенім білдірілген өкілдер (агенттер)
37-тарау. Бюджеттік кредиттеу талаптары 180-бап. Кредиттік шарттың негізгі талаптары 181-бап. Бюджеттік кредиттің мерзімі 182-бап. Бюджеттік кредитті игеру кезеңі 183-бап. Бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері 184-бап. Сыйақы ставкасы 185-бап. Бюджеттік кредит беру тәсілдері 186-бап. Бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету графигі
38-тарау. Бюджеттік кредиттеу рәсімдері 187-бап. Бюджеттік кредит беру туралы шешім қабылдау 188-бап. Бюджеттік кредит беру рәсімі 189-бап. Шет мемлекеттерді кредиттеудің ерекшеліктері 190-бап. Бюджеттік кредитті пайдалану 191-бап. Бюджеттік кредитке қызмет көрсету 192-бап. Бюджеттік кредитті өтеу
39-тарау. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау және қарыз алушыны ауыстыру 193-бап. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау 194-бап. Бюджеттік кредит бойынша борышты аудару
195-бап. Талап қою мерзімінің өтуі 196-бап. Кредитордың бюджеттік кредитті өтеу жөніндегі талаптарының тоқтатылуы және кепілдіктің тоқтатылуы
41-тарау. Бюджеттік кредиттер бойынша бақылау, мониторинг, есепке алу 197-бап. Бюджеттік кредиттерді бақылау 198-бап. Бюджеттік кредиттер мониторингі және есепке алу
12-бөлім. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш, мемлекет кепілгерлігі 199-бап. Қарыз алу туралы жалпы ережелер 200-бап. Мемлекеттік қарыздардың түрлері мен нысандары 201-бап. Мемлекеттік борыш 202-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік борышты өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелері 203-бап. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты, мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты және тәуекелдерді басқару 204-бап. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыштың жай-күйі туралы мәліметтерді жариялау
43-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуы 205-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алу мақсаттары 206-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуды жүзеге асыруы 207-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінің қарыз алуын шектеу 208-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінің борышын өтеу және оған қызмет көрсету
44-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы 209-бап. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алу мақсаттары 210-бап. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуын шектеу 211-бап. Жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеу және оған қызмет көрсету 212-бап. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы
45-тарау. Мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш 213-бап. Мемлекеттік кепілдік 214-бап. Мемлекеттік кепілдіктер беруді шектеу 215-бап. Мемлекеттік кепілдіктер беру шарттары 216-бап. Мемлекеттік кепілдік алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптар 217-бап. Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаларды іріктеу 218-бап. Мемлекеттік кепілдіктің нысаны 219-бап. Мемлекеттік кепілдіктер беруді және мемлекет кепілдік беретін қарыздарды есепке алу 220-бап. Мемлекеттік кепілдіктің орындалуы 221-бап. Мемлекет кепілдік берген қарыздарды қайта құрылымдау 222-бап. Мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша қарыз алушыны ауыстыру 223-бап. Мемлекеттік кепілдіктің қолданылуын тоқтату негіздері 224-бап. Мемлекет кепілдік берген қарыз қаражаттарын пайдалануға қойылатын шектеу 225-бап. Мемлекет кепілдік берген қарыз қаражатының пайдаланылуына бақылау және жауаптылық
46-тарау. Мемлекет кепілгерлігі 226-бап. Мемлекет кепілгерлігі 227-бап. Мемлекет кепілгерлігін беруді шектеу 228-бап. Мемлекет кепілгерліктерін беру шарттары 229-бап. Мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптар 230-бап. Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе лимит көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу 231-бап. Мемлекет кепілгерлігінің нысаны 232-бап. Мемлекет беретін кепілгерліктерді және мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды есепке алу 233-бап. Мемлекет кепілгерлігін орындау 234-бап. Мемлекет кепілгерлігінің қолданылуын тоқтатудың негіздері 235-бап. Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражатын пайдалануға қойылатын шектеу 236-бап. Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражатының пайдаланылуына бақылау және жауаптылық
47-тарау. Қарыз берушінің мүдделерін қорғау 237-бап. Қарыз шарты бойынша міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға жол бермеу 238-бап. Мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың заңсыз іс-әрекеттерінен қорғау 239-бап. Дауларды шешу
3-бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер 240-бап. 2009 қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерді әзірлеу 241-бап. Мәслихаттардың 2009 жылға арналған жергілікті бюджеттер туралы шешімдерін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдардың қаулысын әзірлеу 242-бап. 2009 жылы жергілікті бюджеттерді атқару тәртібі 243-бап. Республикалық және жергілікті бюджеттердің 2008 жылғы атқарылуы жөніндегі жылдық есептер
244-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық 245-бап. Қорытынды ережелер
Осы Кодекс бюджеттік, бюджетаралық қатынастарды реттейді, бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдаланудың негізгі ережелерін, принциптерін және тетіктерін белгілейді.
1-бөлім. Бюджет жүйесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен және қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2-бап. Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының қолданылуы 1. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында күші болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады. 2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің мемлекеттік мекемелерге қатысты ережелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қолданылмайды. 3. Қазақстан Республикасының Yкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың тиісінше республикалық және жергілікті бюджеттерден кезекті қаржы жылына ақша бөлу туралы актілері, осы актілердің қайтарымды негізде ақша бөлу туралы ережелерін қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жояды. Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдары бойынша республикалық бюджет туралы заңға (жергілікті бюджет туралы мәслихат шешіміне) қосымшалардың қолданысы келесі жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңның (жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінің) қолданысқа енгізілуімен күшін жоятын болады. 4. Республикалық бюджет туралы заң, жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімі, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың оларды іске асыру туралы актілері, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актілер тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
3-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар 1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аваль - вексельдік кепілдік оны жасаған тұлға вексель бойынша міндетті тұлға үшін вексель бойынша төлемді жүзеге асыру жөнінде (толық немесе ішінара) өзіне міндеттеме қабылдайды; 2) байланыссыз гранттар - Қазақстан Республикасы Үкіметінің грант берген донордан одан әрі қарыз алуын немесе республикалық және жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыру көзделмейтін гранттар; 3) байланысты гранттар - Қазақстан Республикасы Үкіметінің грант берген донордан одан әрі қарыз алуын немесе байланысты грантты іске асыруға бағытталған тиісті бюджеттік бағдарламаның шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыруды көздейтін гранттар; 4) байланысты грант туралы келісім - Қазақстан Республикасына өтеусіз қаржылық немесе техникалық көмек ұсыну көзделген мемлекеттік орган және донор арасындағы шарт; 5) бақылау объектілері - бюджет процесіне қатысушылар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ бюджет қаражатын алушылар, байланысты гранттарды, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар; 6) банк кепілдігі - қарыз алушы мемлекеттік кепілдік беру туралы келісіммен белгіленген тәртіппен және мерзімдерде заем шарты бойынша өзінен тиесілі сомаларды жинақтауды қамтамасыз етпеген жағдайда, мемлекет кепілдік берілген заем бойынша берешекті өтеу жөнінде банктің бюджетті атқару жөніндегі орталық атқарушы орган алдындағы міндеттемесі; 7) бекітілген бюджет - Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат бекіткен бюджет; 8) борышқа қызмет көрсету - белгілі бір уақыт кезеңіндегі сыйақының, комиссиялық төлемдердің, айыппұлдардың және қарыз алу шарттарынан туындайтын өзге де төлемдердің жиынтық төлемі; 9) борыш мониторингі - мемлекеттің өзі уәкілеттік берген органдар арқылы борышты есепке алу, талдау және қалыптастыру, өзгерту және қызмет көрсету процесін бақылау жөніндегі қызметі; 10) борышты өтеу - қарыз алушының алған қарыз сомасын қарыз шартында белгіленген тәртіппен қайтаруы, қарыз шартынан туындайтын басқа да міндеттемелерді орындауы; 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 11) бұзушылық - бюджет қаражатын және мемлекет активтерін, байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды жоспарлауға және жоспарлауға және пайдалануға, мемлекет кепілгерлігін беруге байланысты қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының ережелерін бұзуға әкеп соққан әрекет (іс-әрекеттер немесе әрекетсіздік); 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды 11-1) мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінде анықталатын бұзушылықтар сыныптауышы (бұдан әрі - Бұзушылықтар сыныптауышы) - құқықтың бұзылған нормалары және оларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тиісті жауаптылық түрлері көрсетіле отырып, бұзушылықтар түрлерінің тізбесін және оларды жою тәсілдерін қамтитын құжат;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |