«Көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу ережесін және Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 90 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен күші жойылды
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу ережесін және Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6103 болып тіркелген және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2010 жылғы сәуір, № 4) мынадай өзгерістер енгізілсін: атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу ережесін және Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандарға адамдарды жіберу және куәліктер беру ережесін бекіту туралы»; 1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандарға адамдарды жіберу және куәліктер беру ережесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандарға адамдарды жіберу және куәліктер беру ережесінде: атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандарға адамдарды жіберу және куәліктер беру ережесі»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|