Осы редакция 2013 жылғы 4 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 90 бұйрығына 2-қосымша
Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандар қабылдау (2011.05.08. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының барлық азаматтары үшін, сондай-ақ республика аумағында жүрген немесе тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар үшін бірегей әрі міндетті болып табылады, сондай-ақ емтихан қабылдаудың, азаматтарға жүргізуші куәліктерін берудің және жүргізушілерді көлік құралдарын басқаруға жіберудің тәртібін белгілейді. 2. Барлық көлік құралдары олардың типіне, қажеттігіне және оларды басқару ерекшелігіне орай «А», «В», «С», «Д», «E», трамвай, троллейбус санаттарына бөлінеді, оларды басқару құқығына тиісті бағандарда рұқсат ету белгісі соғылған бірыңғай жүргізуші куәлігі (бұдан әрі - санаттағы куәлік) беріледі. 3. «А», «В», «С», «Д» және «E» бағандарында рұқсат ету белгісі бар жүргізуші куәлігіне ие адамдар: «А» - мотоциклдерді, мотороллерлерді және басқа да мотокөлік құралдарын; «В» - толық салмағы 3500 кг аспайтын және жүргізушінің орнынан басқа отыратын орындар саны сегізден аспайтын автомобильдерді; «С» - толық салмағы 3500 кг асатын жүк автомобильдерін; «Д» - жолаушылар тасымалдауға арналған және жүргізушінің орнынан басқа сегіз орындықтан артық орны бар автомобильдерді; «Е» - «В», «С» немесе «Д» санатындағы көлік құралдарына жататын және жүргізушінің оларды басқару құқығы бар тіркемелі көлік құралдарын басқара алады. Трамвайдың жүргізушісіне тек қана трамвайды, троллейбустың жүргізушісіне тек қана троллейбусты жүргізуге рұқсат етіледі. Жолаушылар тасымалдауға арналған автомобильдерге мыналар: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|