Қазақстан Республикасы Президентінің
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат; 2011 ж., № 8, 95-құжат; № 52, 710-құжат; 2012 ж., № 33, 419-құжат; № 35, 456-құжат; № 68, 976-құжат; № 80, 1178-құжат; 2013 ж., № 21, 341-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 8 және 9-тармақтар алып тасталсын; 2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінде: 9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «9) тиімділікті жалпы бағалауды дайындау кезіндегі коммерциялық емес ұйымдардың ақпараты;»; мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын: «10) мемлекеттік органдардың қызметі туралы ресми ақпарат көздерінен алынатын өзге де ақпарат.»; 25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «25. Қадағаланатын аяда/салада/өңірде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиімділігін бағалау жөніндегі әдістемені әзірлеу мен бекіту және оны әдіснамалық сүйемелдеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган өңірлік даму жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп жүзеге асырады.»; 50 және 51-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «50. Бағаланатын мемлекеттік органдар бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдарға жыл сайын бағалау жүргізу кестесінде бекітілетін мерзімдерде, бағалауға уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін тәртіпте мұның алдындағы жылдың қорытындылары бойынша есептік ақпарат ұсынады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|