«Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1559 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 448 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1559 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 42, 408-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесінде: 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптамалық бағалауды жүргізуге аккредиттеуден өту кезінде жеке тұлғалар аккредиттеуші органға мынадай құжаттарды: 1) уәкілетті орган бекіткен мамандықтар номенклатурасына сәйкес мәлімделген аккредиттеу саласын көрсете отырып, аккредиттеуші орган бекіткен нысан бойынша аккредиттеуден өтуге арналған өтінішті; 2) жеке куәлігінің көшірмесін; 3) жоғары кәсіптік медициналық немесе фармацевтикалық білімі туралы дипломның көшірмесін; 4) еңбек кітапшасының көшірмесін немесе осы Ереженің 8-1-тармағының 1), 2) немесе 3) тармақшаларына сәйкес жұмыс өтілін растайтын өзге де құжатты; 5) осы Ереженің 8-1-тармағының екінші, үшінші бөліктеріндегі талаптарды ескере отырып (клиникалық практиканы және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын мамандар үшін) біліктілікті арттыру және (немесе) қайта даярлау туралы құжаттардың көшірмелерін; 6) бірінші немесе жоғары біліктілік санаттарының берілгені туралы сертификаттардың көшірмелерін (клиникалық практиканы жүзеге асыратын мамандар үшін); 7) ғылыми дәрежелерінің, атақтарының (бар болса) туралы құжаттардың көшірмелерін ұсынады.»; мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын: «8-1. Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптамалық бағалау жүргізу үшін аккредиттеуден өтуге: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|