|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 5) тармақшасына сәйкес экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіру мақсатында қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган болып құрылсын. 2. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы): сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері — жаңадан құрылған Агенттікке; экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері — Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне; 2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызмет саласындағы біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері жаңадан құрылған Агенттікке беріле отырып, таратылсын. 3. «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., №12-13, 116-құжат; 2009 ж., № 24-25, 207-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат, 2011 ж., № 10-11, 125-құжат; №52, 710-құжат; 2012 ж., № 43, 569-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың тізбесінде: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |