|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы (2007.19.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
ҚР 06.05.99 ж. № 379-1 Конституциялық Заңымен тақырыбы мен кіріспе жаңа редакцияда Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретiн, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртібін белгiлейдi. ҚР 2007.19.06. № 267-III Конституциялық Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мәртебесi Үкiмет алқалы орган болып табылады, азақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 2-бап өзгертілді 2-бап. Республика Үкіметі қызметiнiң құқықтық негiзi Үкiмет Республика Конституциясының, осы Конституциялық заңның, Республиканың заңдары мен өзге де нормативтiк актілерінiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды. ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 3-бап жаңа редакцияда 3-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң құрылуы, құрылымы және құрамы 1.Үкiметтi Республика Президентi Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртiппен құрады. 2. Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды Премьер-Министр тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде Республика Премьер-Министрi Республика Президентiне енгiзедi. 3. Үкiметтiң құрылымын министрлiктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды. 4. Үкiметтiң құрамына Үкiмет мүшелерi - Республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де лауазымды адамдары кiредi. ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен жаңа 3-1-баппен толықтырылды 3-1-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мүшесiнiң ант беруi 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мүшесi Қазақстан халқына және Президентiне мынадай мазмұнда ант бередi: "Қазақстан Республикасының халқы мен Президентi алдында өз Отаным - Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму iсiне барлық күш-жiгерiм мен білімiмдi жұмсауға, мемлекеттiң Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзiмнiң барлық iс-әрекетiмде заңдылық пен әдiлеттiк, азаматтық және ұлтаралық татулық принциптерiн ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елiмнiң мемлекеттiлiгi мен дүниежүзiлiк қоғамдастықтағы беделiн нығайта беруге салтанатты түрде ант беремiн. Ант етемiн.". 2. Үкiмет мүшелерiнiң антын Республика Президентi өзi белгiлейтiн тәртiппен қабылдайды. ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 4-бап өзгертілді 4-бап. Республика Үкіметінiң өкiлеттiк мерзiмi 1. Республика Үкіметі Президенттiң өкiлеттiк мерзiмi бiткенше iс-қимыл жасайды және жаңадан сайланған Республика Президентi алдында өзiнiң өкiлеттiгiн доғарады. Республика Үкіметінiң жаңа құрамы бекітілгенге дейiн Республика Үкіметі өз мiндеттерiн атқара бередi. 2. Республиканың жаңадан сайланған Президентінің алдында өкiлеттiгiн доғару Үкiметтiң жаңадан сайланған Мемлекет басшысының атына жолданған және Үкiмет мүшелерi қол қойған жазбаша өтiнiш беру арқылы жүзеге асырылады. Өкiлеттiктi доғару туралы өтiнiш жаңадан сайланған Мемлекет басшысы қызметке ресми кiрiскеннен кейiн берiледi. Үкiметтiң өкiлеттiгiн доғаруы оның мүшелерiнiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. ҚР 2007.19.06. № 267-III Конституциялық Заңымен 3-тармақпен толықтырылды 3. Республиканың Премьер-Министрі жаңадан сайланған Парламент Мәжілісінің алдында Үкіметке сенім туралы мәселені Парламент Мәжілісіне жолданатын жазбаша өтініш арқылы қояды. Мәжіліс сенім білдірген жағдайда, егер Республика Президенті өзгеше шешім қабылдамаса, Үкімет өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.
ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 5-бап өзгертілді 5-бап. Республика Үкіметінiң орнынан түсуi 1. Егер өздерiне жүктелген функцияларды одан әрi жүзеге асыру мүмкiн емес деп санайтын болса, Үкiмет және оның кез-келген мүшесi Республика Президентiне өзiнiң орнынан түсуi туралы мәлiмдеуге хақылы. Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған Үкiмет мүшелерi де орнынан түседi. ҚР 2007.19.06. № 267-III Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Республика Конституциясында көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісі немесе Парламент үкiметке сенiмсiздiк бiлдiретiн болса, Үкiмет өзiнiң орнынан түсуi туралы Республика Президентiне мәлiмдейдi. Республика Президентi орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселенi он күн мерзiмде қарайды. 3. Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң немесе оның тиiстi мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Премьер-Министрдiң орнынан түсуiн қабылдау бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. 4. Үкiметтiң немесе оның мүшесiнiң орнынан түсуi қабылданбаған ретте, Президент оған өз мiндеттерiн одан әрi жүзеге асыра берудi тапсырады.
ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 6-бап өзгертілді 6-бап. Республика Президентінің бастамасымен Республика Үкіметінiң өкiлеттiгiн тоқтату 1. Республика Президентi өз бастамасымен үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату туралы шешiм қабылдауға және оның кез-келген мүшесiн қызметiнен босатуға хақылы. 2. Премьер-Министрдiң қызметiнен босатылуы бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. 2-1. Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған Үкiмет мүшелерi атқарып келген қызметiнен босатылуға тиiс. ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 7-бап өзгертілді 7-бап. ҚР 2007.19.06. № 267-III Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8-бап. Республика Үкіметінiң құрамында болуға байланысты шектеулер Республика Үкіметі мүшелерiнiң: 1) өкiлдi органның депутаттары болуға; 2) оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерден басқа ақы төленетiн қызметтер атқаруға; 3) кәсiпкерлiкпен шұғылдануға; ҚР 2007.19.06. № 267-III Конституциялық Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) Үкімет шешімдерімен белгіленген жағдайларда жарғылық капиталына мемлекет қатысатын коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге хақы жоқ. II Тарау. Республика Үкіметінің құзыреті, актілері, есептілігі және жауапкершілігі
ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 9-бап өзгертілді 9-бап. Республика Үкіметінiң құзыретi Республика Үкіметі: 1) мемлекеттік әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлейдi; 2) мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлейдi; 3) әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың индикативтiк жоспарларын әзiрлеп, жүзеге асырады; 4) Республика Президентi белгiлейтiн тәртiппен республикалық бюджеттi әзiрлеу мен оны өзгертуге қатысады, Парламентке республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептi ұсынады, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi; 5) Республиканың қаржы жүйесiн нығайту жөніндегі шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады; мемлекеттік валюта, қаржы және материалдық ресурстарды жасақтау мен пайдалануда заңның сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етедi; 6) құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асырады; 7) мемлекеттік баға түзу саясатын талдап жасайды және жүзеге асырады; мемлекет реттейтiн бағалар қолданылатын өнiмдер, тауарлар мен қызметтердiң номенклатурасын белгiлейдi; 8) мемлекеттік меншiктi басқаруды ұйымдастырады, оны пайдалану жөніндегі шараларды талдап жасайды және жүзеге асырады, мемлекеттік меншiк құқығын қорғауды қамтамасыз етедi; 9) еңбекке ақы төлеу, азаматтарды әлеуметтiк қорғау, мемлекеттік әлеуметтiк қамсыздандыру мен әлеуметтiк сақтандыру жүйесiн және шарттарын белгiлейдi; 10) мемлекеттік аймақтық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеп, жүзеге асырады: аймақаралық проблемалар мен аймақтардың әлеуметтiк-экономикалық дамуы мәселелерiн шешудi қамтамасыз етедi; 11) ғылым мен техниканы дамытудың, жаңа технологияларды енгізудiң, мәдениеттi, білімдi, денсаулық сақтау iсiн, туризм мен спортты дамытудың мемлекеттік саясатын белгiлейдi, және жүзеге асырады; 12) табиғи ресурстар мен айналадағы табиғи ортаны тиiмдi пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады; ҚР 2007.19.06. № 267-III Конституциялық Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 13) құқықтық саясатты іске асыруды қамтамасыз етедi; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және сақтау, заңдылық пен құқық тәртібін, Республиканың қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiн, Республиканың аумақтық тұтастығы мен мемлекеттік шекарасын күзетудi қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады; 14) келiссөздер жүргiзу мен үкiметаралық келісімдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдайды; Республиканың шет мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етедi; сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру жөнiнде шаралар әзiрлейдi, сыртқы сауданы дамыту жөнiнде шаралар қолданады; халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты және өзара iс-қимылды жүзеге асырады; 16) Үкiмет жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдарды құрады және таратады; 18) өзiне Конституция, заңдар және Президент актілері жүктеген өзге де функцияларды орындайды. ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 10-бап өзгертілді 10-бап. Республика Үкіметінiң актілері 1. Республика Үкіметі Республика Конституциясының, заңдарының, Президент актілерінiң, өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзiнде және оларды орындау үшiн нормативтiк және жеке қаулылар шығарады. ҚР 2007.19.06. № 267-III Конституциялық Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Үкімет қаулылары Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Үкімет қаулыларына Республика Премьер-Министрі қол қояды. 3. Республика Премьер-Министрi өкiмдер шығарады. Премьер-Министрдiң өкiмдерi әкiмшiлiк-өкiмдiк, жедел және жеке-дара сипаттағы мәселелер бойынша шығарылады. 4. Өздерiнiң құзыретi шегiнде қабылданған Үкiмет қаулылары мен Республика Премьер-Министрi өкiмдерiнiң Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады. 5. Үкiмет қаулылар мен Республика Премьер-Министрінің өкiмдерi Республика Үкіметінiң Регламентiнде белгiленген тәртiппен әзiрленедi және қабылданады. 6. Үкiмет қаулыларының күшiн Республика Президентi мен Үкіметі жоя алады. 7. Премьер-Министрдiң өкiмдерiнiң күшiн Республика Президентi, Үкіметі және Премьер-Министрi жоя алады. ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 11-бап өзгертілді 11-бап. Республика Үкіметінiң есептiлiгi мен жауапкершiлiгi 1. Үкiмет өзiнiң бүкiл қызметiнде Конституцияда және осы Конституциялық заңда белгiленген нысандарда Республика Президентінің алдында жауапты. 2. Үкiмет мүшелерi өз құзыретiнің шегiнде өз бетiнше шешiм қабылдайды, Республика Премьер-Министрінің алдында өздерiне бағынысты мемлекеттік органдардың жұмысы немесе өздерiне тапсырылған жұмыс аясы үшiн дербес жауап бередi. ҚР 2007.19.06. № 267-III Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Үкімет Республика Конституциясында көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты. 4. Республика Конституциясының 57-бабының 6)-тармақшасында көзделген ретте Үкiмет мүшелерi Парламент Палаталарына есеп бередi. III Тарау. Республика Үкіметінің мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы
ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 12-бап өзгертілді 12-бап. Республика Президентiмен қарым-қатынасы 1. Республика Үкіметі: ҚР 2007.19.06. № 267-III Конституциялық Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) Республика Президентiн Президент тапсырмаларының орындалуы және өз қызметiнiң басқа да бағыттары туралы ұдайы хабардар етiп отырады; 2) Республика Президентi актілерінiң орындалуын ұйымдастырады және оларды министрлiктердiң, өзге де орталық, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың орындауын бақылауды жүзеге асырады; 3) заң жобасын Парламент Мәжілісiне енгізу туралы Президенттiң тапсырмаларын орындайды; 4) мемлекеттік бағдарламаларды Президенттiң бекiтуiне ұсынады. 2. Үкiмет Республика Президентiмен Үкiметтiң заң жобалары жөніндегі жұмыстарының жоспарларын келiседi. ҚР 2007.19.06. № 267-III Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Республика Президентi толығымен немесе бiр бөлiгiнде Республика Үкіметі мен Премьер-Министрі актілерінiң күшiн жояды не тоқтата тұрады. ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 13-бап өзгертілді 13-бап. Республика Парламентiмен қарым-қатынасы 1. Республика Үкіметінiң заң шығару бастамашылығы құқығы болады, ол тек қана Парламент Мәжілісiнде жүзеге асырылады. Заң актiсiнiң жобасын енгізу туралы шешiм Үкiметтiң тиiстi қаулысын шығару жолымен қабылданады. 1) Республика заңдарының орындалуын қамтамасыз етедi, оларды министрлiктердiң, басқа да орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың орындауын бақылайды; 2) Парламентке республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептi табыс етедi; 3) мемлекеттік кiрiстi қысқартуды немесе мемлекеттік шығысты ұлғайтуды көздейтiн Республика заңдарының жобалары жөнiнде қорытындылар бередi; 4) Парламент депутаттарының сұрауларына жауап бередi. ҚР 24.02.97 ж. № 69-I; 06.05.99 ж. № 379-1; 24.11.04 ж. № 604-II (бұр. ред. қара); 2007.19.06. № 267-III (бұр.ред.қара) Конституциялық заңдарымен 14-бап өзгертілді 14-бап. Министрліктермен, Республика Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдармен қарым-қатынасы Республика Үкіметі: 1) министрліктердің және Республика Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың қызметiне басшылықты жүзеге асырады, олардың Республика заңдарын, Президентi мен Үкіметі актілерін орындауын қамтамасыз етеді; 2) министрлердiң және өзге де орталық атқарушы органдар басшыларының ұсынуы бойынша министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдар туралы ережелердi, олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, солардың штат санының лимиттерiн бекiтедi; 3) министрліктер, Республика Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар актілерінiң толығымен не бiр бөлiгiнде күшiн жояды немесе тоқтата тұрады; 4) Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 5) министрлердің, Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар басшыларының ұсынуы бойынша олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, бұған Республика Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орталық атқарушы органдар басшыларының орынбасарлары енбейдi; 6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды атқарады. ҚР 06.05.99 ж. № 379-I; 24.11.04 ж. № 604-II (бұр. ред. қара) Конституциялық заңдарымен 15-бап өзгертілді 15-бап. ҚР 2007.19.06. № 267-III Конституциялық заңымен алы тасталды(бұр.ред.қара) 16-бап. Жергiлiктi атқарушы органдармен қарым-қатынасы 1. Республика Үкіметі: 1) мемлекеттік басқару мәселелерi жөніндегі Республика атқарушы органдарының қызметiне басшылықты жүзеге асырады, олардың Республика заңдарын, Президентi мен Үкіметінiң актілерін орындауын бақылайды; 2) жергiлiктi атқарушы органдар актілерінiң күшiн толығымен немесе бiр бөлiгiнде жояды не тоқтата тұрады, оларды жою не тоқтата тұру туралы Республика Президентінің қарауына ұсыныстар енгiзедi; 2. Тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарды басқаратын әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң әкiмдерi Республика Президентi мен Үкіметінiң өкiлдерi болып табылады және Республика Үкіметіне мемлекеттік басқару мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзедi. 17-бап. Республика Үкіметінiң республикалық бюджеттен қаржыландырылатын өзге де мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы Республика Үкіметі заңдарда белгiленген тәртiппен өзге де, соның iшiнде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметiн қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерiн шешедi. IV Тарау. Республика Үкіметінің Қызметін ұйымдастыру
18-бап. Республика Үкіметінiң отырыстары 1. Үкiметтiң отырыстары айына кемiнде бiр рет өткiзiлiп отырады. 2. Үкiметтiң отырыстарын Премьер-Министр не Республика Президентi шақырады. 3. Үкiметтiң отырыстарында Премьер-Министр төрағалық етедi, ол болмаған кезде мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес Премьер-Министрдiң мiндетiн атқаратын Премьер-Министрдiң орынбасары төрағалық етедi. Үкiмет ерекше маңызды мәселелердi қарағанда оның отырыстарында Республика Президентi төрағалық етедi. 4. Үкiмет мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi Үкiмет отырысына қатысса, отырыс құқылы болып саналады. Үкiмет мүшелерi оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады. 5. Үкiмет отырыстары ашық болады. Президенттiң не Премьер-Министрдiң бастамасымен Үкiметтiң жабық отырыстары өткiзiлуi мүмкiн. 6. Үкiмет отырыстарын әзiрлеу мен өткізу тәртібі Үкiмет Регламентiмен белгiленедi. ҚР 06.05.99 ж. № 379 ; 2007.19.06. № 267-III (бұр.ред.қара) Конституциялық заңдарымен 19-бап өзгертілді 19-бап. Республика Премьер-Министрi 1. Республика Премьер-Министрi: 1) Үкiметтiң жұмысын ұйымдастырады және Үкiмет мүшелерiнiң арасындағы қызметтiк мiндеттердi бөледi; 2) Республика Президентiмен, Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен, басқа мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста Үкiметтiң атынан өкiлдiк етедi немесе Үкiмет атынан өкiлдiк етудi тапсырады; 3) халықаралық қатынастарда Үкiмет атынан өкiлдiк етедi немесе Үкiмет атынан өкiлдiк етудi тапсырады және мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге қол қояды; 4) Республика Президентiне: Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы; министрліктерді, Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін қоспағанда, министр қызметiне тағайындау үшiн кандидатуралар жөнiнде; Үкiмет аппаратының басшысын, сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін қоспағанда, министрдi, оның iшiнде Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған министрдi қызметтен босату туралы ұсыныстар енгiзедi; 5) Республиканың мемлекеттік бюджетi есебiнен ұсталатын барлық органдар үшiн қаржыландырудың және қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн Қазақстан Республикасының Президентiне бекiтуге ұсынады; 6) Президентке Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары туралы баяндап отырады; 7) Үкiмет мүшелерiнiң, орталық және жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есебiн тыңдап отырады; ҚР 24.11.04 ж. № 604-II Конституциялық заңымен (бұр. ред. қара) 8-тармақша өзгертілді 8) Үкiметтiң қызметін ұйымдастыруға және оған басшылық жасауға байланысты басқа да функцияларды орындайды. 2. Премьер-Министр болмаған жағдайда оның мiндеттерiн Премьер-Министр белгiлеген тәртiппен Премьер-Министрдiң орынбасарларының бiрi атқарады. ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 20-бап жаңа редакцияда; 2007.19.06. № 267-III Конституциялық заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 20-бап. Премьер-Министрдiң орынбасарлары және Республика Үкіметінiң өзге де мүшелерi 1. Премьер-Министрдiң орынбасарлары өз қызметiн Республиканың Премьер-Министрi белгiлейтiн мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес жүзеге асырады. 1) тиісті мемлекеттік органдарға басшылықты жүзеге асырады; 2) тиісті мемлекеттік органдардың қарауындағы мемлекеттік басқару салаларындағы (аясындағы) саясатты қалыптастырады; 3) заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді; 4) өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдауда дербес болады; 5) Республика Премьер-Министрінің алдында өздеріне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін дербес жауап береді; 6) тиісті мемлекеттік органдардың қарауындағы мемлекеттік басқару саласындағы (аясындағы) істің жайына және заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін жауапты. 3. Министрлiктердiң және өзге де орталық атқарушы органдардың басшылары болып табылмайтын Үкiмет мүшелерi өз қызметiн олар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн ережелерге сәйкес жүзеге асырады. 21-бап. ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен алып тасталды ҚР 2007.19.06. № 267-III Конституциялық Заңымен 21-1-баппен толықтырылды 21-1-бап. Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы 1. Министрліктердің және Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың аппараттарын Республиканың Премьер-Министрімен келісім бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшылар басқарады. 2. Жекелеген министрліктер мен Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарда Республика Президентінің шешімімен жауапты хатшы қызметі енгізілмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда осы Конституциялық заңда көзделген жауапты хатшы өкілеттіктерін министрліктің немесе Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органның Республика Президенті айқындайтын лауазымды адамы жүзеге асырады. 3. Үкіметтің, министрдің, Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган басшысының орнынан түсуі жауапты хатшылардың өкілеттігін тоқтатуға әкеп соқпайды. 4. Министрліктің және Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органның жауапты хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктерін Республика Президенті белгілейді. 5. Жауапты хатшы өз қызметін жүзеге асыру кезінде Республика Президентіне, Премьер-Министрге және министрге (Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган басшысына) есеп береді.
ҚР 06.05.99 ж. № 379 ; 2007.19.06. № 267-III (бұр.ред.қара) Конституциялық Заңдарымен 22-бап өзгертілді 22-бап. Республика министрлігі 1. Министрлiк тиiстi мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шекте - салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Республика орталық атқарушы органы болып табылады. 2. Министрлiктi Республика Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша Республика Президентi құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. 2-1. Министрлiк Республика Yкіметінiң құзыретiне жатқызылмаған мәселелер бойынша өз құзыретi шегiнде шешiмдердi өз бетiнше қабылдауға өкiлеттi. 2-2. Министрліктің құрылымын министрліктің жауапты хатшысы бекітеді. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері ведомстволар, департаменттер мен басқармалар болып табылады. Министрлік департаменттері мен басқармаларының жиынтығы министрлік аппараты болып табылады. 3. Министрлiктiң алқасы министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Алқаның сандық және адам құрамын министрлiктiң, мемлекеттік комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының қатарынан министр бекiтедi. 4. Министрлiк, қабылдаған шешiмдер министрдiң бұйрықтарымен ресiмделедi. ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 23-бап жаңа редакцияда; ҚР 2007.19.06. № 267-III Конституциялық Заңымен 23-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 23-бап. Үкiмет құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган 1. Республика Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша Республика Президентi құратын, қайта ұйымдастыратын және тарататын Қазақстан Республикасының агенттiгi ?кіметтiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы орган болып табылады. 2. Агенттiк тиiстi мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты, сондай-ақ заңдарда белгiленген шектерде салааралық үйлестiрудi және өзге де арнайы атқару және рұқсат беру мiндеттерiн жүзеге асырады. 3. Агенттіктің құрылымын агенттіктің жауапты хатшысы бекітеді және, әдетте, департаменттер мен басқармалардан тұрады. Агенттік департаменттері мен басқар»маларының жиынтығы агенттік аппараты болып табылады. 4. Агенттiк төрағасының жанынан алқа құрылады, ол консультациялық-кеңесшi орган болып табылады. Алқаның сан және адам құрамын агенттiктiң төрағасы бекiтедi. 5. Агенттiк төрағасының бұйрықтары агенттiктiң актілері болып табылады. ҚР 06.05.99 ж. № 379 ; 2007.19.06. № 267-III (бұр.ред.қара) Конституциялық Заңдарымен 24-бап жаңа редакцияда 24-бап. Орталық атқарушы органның ведомствосы 1. Республиканың орталық атқарушы органының комитеті ведомство болып табылады. Ведомствоның аумақтық бөлімшелері болуы мүмкін. 2. Ведомствоны тиісті орталық атқарушы орган басшысының ұсынуымен Республика Yкіметі құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. 3. Ведомство басшысын тиісті орталық атқарушы органның басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 4. Ведомство Республиканың орталық атқарушы органы құзыретінің шегінде бақылау және (немесе) іске асыру функцияларын жүзеге асырады. 5. Ведомство шығаратын актінің нысаны ведомство басшысының бұйрығы болып табылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |