ҚР Ішкі істер министрінің 2014.27.10. № 738 бұйрығымен 11-1-қосымшамен толықтырылды; ҚР Ішкі істер министрінің 2016.05.11. № 1033 бұйрығымен 11-1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 477 бұйрығына 11-1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция департаменті туралы ереже (2016.05.11. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Криминалдық полиция департаменті (бұдан әрі - КПД) қылмысқа қарсы күрес саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) құрылымдық бөлінісі болып табылады. 2. КПД өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерін, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық келісімшарттарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 3. КПД құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ішкі істер министрі бекітеді. 1) Басшылығынан; 2) Ұйымдастырушылық-аналитикалық және «А» қамтамасыз ету басқармасынан; 3) Жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды ашуды ұйымдастыру басқармасынан; 4) Мүліктік қылмыстарды ашуды ұйымдастыру басқармасынан; 5) «К» басқармасынан; 6) Криминалдық іздестіру басқармасынан; 7) Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасынан; 8) Оңтүстік өңірлік ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасынан (орналасқан жері - Алматы қаласы); 9) Кеңседен тұрады.
2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
5. Міндеті: өз құзыреті шегінде қылмыстарды ескерту, жолын кесу, анықтау және ашу, қылмысқа қарсы күрес саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру. Жасалған қылмыстар үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету. Функциялары: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|