|
|
|
Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасын бекіту туралы (2017.02.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 96 бұйрығымен күші жойылды
«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 23-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялануға жолдауын; 3) ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналасуын қамтамасыз етсін. 3. Мыналардың: 1) «Фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 46 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізімінде № 6876 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде 2011 жылғы 20 мамырдағы № 207-210 (26612) жарияланды); 2) «Фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет министрiнiң 2011 жылғы 14 наурыздағы № 46 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 226 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізімінде № 8845 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде 2013 жылғы 6 қарашадағы № 247 (28186) жарияланды) күші жойылды деп танылсын. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |