Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 216/НҚ бұйрығына 3-қосымша
«Ғарыш аппараттары мен ғарыш жүйелерін жобалау» кәсіби стандарты
1. «Ғарыш аппараттары мен ғарыш жүйелерін жобалау» кәсіби стандарты ғарыш аппараттары мен ғарыш жүйелерін жобалау бойынша кәсіптік қызмет саласындағы маманға, оның дағдыларына, біліктеріне және құзыреттеріне қойылатын біліктілік талаптарды белгілейді. Кәсіби стандарт: кәсіптік қызмет мазмұнына бірыңғай талаптарды жасау, жаңа технологиялардың пайда болуы мен еңбек нарығының қажеттілігін есепке ала отырып, біліктілік талаптарды анықтау; қызметкерлердің еңбек саласы мен кәсіптік білімі саласындағы өзара іс-қимылды реттеу; қызметкерлердің білім беру стандарттарын, даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу үшін талаптарды регламенттеу; персоналды аттестаттау мен сертификаттау кезінде қызметкерлердің құзыретін бағалау үшін талаптарды регламенттеу; персоналды басқару, еңбектің сапасы, уәждемесі мен ынталандыру жүйесін жасау, ұлттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету саласында міндеттерді кең көлемде шешуге және басқаларға арналған. 2. Осы кәсіби стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1) біліктілік - нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға жұмыскер дайындығының, оның білімі, машықтары және дағдыларының дәрежесі; 2) біліктілік деңгейі - еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі өлшемдеріне қарай сараланатын жұмыскердің даярлық деңгейіне және құзыреттілігіне қойылатын талаптардың жиынтығы. Біліктілік деңгейі ұлттық және салалық біліктілік шеңберлері дескрипторларының деңгейіне және мазмұнына сәйкес келеді; 3) ғарыш аппараты - ғарыш кеңістігін зерттеу және (немесе) пайдалану мақсатында ғарыш кеңістігіне шығаруға арналған техникалық құрылғы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|