«Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: «Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11301 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында: 1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ақпарат комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»; 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі»; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін тіркеу алымының ставкалары мынаны құрайды: 1) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлікті бергені үшін: балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы теле-, радиоарна құратын көрсетілетін қызмет алушыларға - алым төленген күні қолданылатын екі айлық есептік көрсеткіш; өзге тақырыптағы теле-, радиоарна құратын көрсетілетін қызмет алушыларға - алым төленген күні қолданылатын бес айлық есептік көрсеткіш; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|