«Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12115 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: осы бұйрықпен бекітілген Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларында: 12-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Тіркеу бойынша рәсімдерді орындау үшін жолаушы тіркелу үшін әуежайға әуе кемесі ұшқанға дейін 40 минуттан бұрын кешікпей келеді.»; 25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Кәмелетке толмаған жолаушылар кәмелетке толған жолаушылардың бірге ілесіп жүруімен де және оларсыз да тасымалданады. Әуе компаниясы бірге ілесіп жүрушісі жоқ кәмелетке толмаған жолаушыларды тасымалдауға ата-аналары (асырап алушылары, қорғаншылары) немесе қамқоршылары жазбаша өтініш бергеннен кейін ғана қабылдайды. Кәмелетке толған жолаушылардың бірге ілесіп жүруімен Қазақстан Республикасының азаматтары - кәмелетке толмаған балаларды тасымалдау кезінде әуе компаниясы баланың туу туралы куәлігін, сондай-ақ кәмелетке толмаған жолаушының туыстығын және (немесе) оны тасымалдауға заңды құқығын растайтын құжаттарды ұсынуды талап ете алады.»; 31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|