«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 166 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 166 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16448 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларацияның нысаны (910.00-нысан), осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация (910.00-нысан)» жасау қағидалары салық есептігін осы бұйрықтын 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген патент құны есебінің нысаны (911.00-нысан), осы бұйрықтын 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Патент құнын есептеу (911.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары осы бұйрықтын 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|