Аумақтық сайлау комиссияларының өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын мүшелерінің қызметтік куәліктерінің үлгілерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 17/248 Қаулысы
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 5) тармақшасына және 19-бабы 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Аумақтық сайлау комиссияларының өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын мүшелерінің: 1) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, Республика астанасының) сайлау комиссиясы мүшесінің (1-қосымша); 2) аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиясы мүшесінің (2-қосымша) қоса беріліп отырған қызметтік куәліктерінің үлгілері бекітілсін. 2. Аумақтық сайлау комиссияларының өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын мүшелері тек осы қаулыға сәйкес берілген қызметтік куәліктерді пайдалана алады. 3. Осы қаулы облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының сайлау комиссияларына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 17/248 қаулысына 1-қосымша
Облыстық (республикалық маңызы бар қала, Республика астанасы) сайлау комиссиясының мүшесі куәлігінің үлгісі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|