|
|
|
Ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару қағидаларын бекіту туралы (2021.10.06. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 830 Қаулысымен күші жойылды
«Атом энергиясын пайдалану туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 287 қаулысымен бекітілген
Ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару қағидалары
ҚР Үкіметінің 2021.10.06. № 399 Қаулысымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Атом энергиясын пайдалану туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді әрі ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару тәртібін (бұдан әрі - пайдаланудан шығару) айқындайды. ҚР Үкіметінің 2021.10.06. № 399 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - атом энергиясын пайдалану саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 2) пайдаланушы ұйым - атом энергиясы пайдаланылатын объектілермен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |