ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
КОДЕКСІ
САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕР ТУРАЛЫ
САЛЫҚ КОДЕКСІ
(САЛЫҚ КОДЕКСІ)
(2024.09.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қолданысқа енгізу туралы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI Заңымен Кодекстің мәтіні өзгертілді
Осы Кодекске өзгерістер енгізу туралы:
2021.24.06. № 53-VII ҚР Заңын қараңыз (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);
2023.12.12. № 45-VIII ҚР Заңын қараңыз (2025 ж. 1 қаңтардан, 2030 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);
2024.01.07. № 105-VIII ҚР Заңын қараңыз (2025 ж. 1 қаңтардан, 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «төлем қабілетсіздігін реттеу» деген сөздер «берешекті қайта құрылымдау» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара);
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «оралмандарға», «оралмандар» және «оралмандарды» деген сөздер тиісінше «қандастарға», «қандастар» және «қандастарды» деген сөздермен ауыстырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара);
2022.11.07. № 135-VІІ ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша:
«мүгедектерді», «мүгедектердің», «мүгедектерге», «мүгедек», «мүгедек баланы», «мүгедектерінің», «мүгедектер», «мүгедекке», «мүгедек бала», «мүгедек баланың», «мүгедектің» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдарды», «мүгедектігі бар адамдардың», «мүгедектігі бар адамдарға», «мүгедектігі бар адам», «мүгедектігі бар баланы», «мүгедектігі бар адамдардың», «мүгедектігі бар адамдар», «мүгедектігі бар адамға», «мүгедектігі бар бала», «мүгедектігі бар баланың», «мүгедектігі бар адамның» деген сөздермен ауыстырылды;
«І, ІІ топтағы», «І немесе ІІ топтағы», «І, ІІ немесе ІІІ топтардағы» деген сөздер тиісінше «бірінші, екінші топтар дағы», «бірінші немесе екінші топтағы», «бірінші, екінші немесе үшінші топтардағы» деген сөздермен ауыстырылды (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара);
2023.12.12. № 45-VIII ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру», «зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында», «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына», «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында», «Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздер тиісінше «әлеуметтік қорғау,», «әлеуметтік қорғау туралы», «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына», «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында», «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына», «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне», «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне» деген сөздермен ауыстырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.24.06. № 53-VII ҚР Заңымен Кодексте мазмұны алып тасталды
1. ЖАЛПЫ БӨЛІК
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы
3-бап. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының қолданылуы
4-бап. Салық салу қағидаттары
5-бап. Салық салудың міндеттілігі қағидаты
6-бап. Салық салудың айқындылығы қағидаты
7-бап. Салық салудың әділдігі қағидаты
8-бап. Салық төлеушілердің адалдығы қағидаты
9-бап. Салық жүйесінің біртұтастығы қағидаты
10-бап. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы қағидаты
11-бап. Салық саясаты
12-бап. Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңес
2-тарау. САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІҢ ЖӘНЕ САЛЫҚ АГЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ. САЛЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДА ӨКІЛДІК ЕТУ
13-бап. Салық төлеушінің құқықтары мен міндеттері
14-бап. Салық агентінің құқықтары мен міндеттері
15-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау
16-бап. Осы Кодексте реттелетін салықтық қатынастарда өкілдік ету
17-бап. Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) негізінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде салықтық қатынастарға оператор арқылы қатысу
3-тарау. САЛЫҚ ОРГАНДАРЫ. САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНЫҢ УӘКІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРМЕН ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ТҰЛҒАЛАРМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫ
18-бап. Салық органдары, олардың міндеттері мен жүйесі
19-бап. Салық органдарының құқықтары мен міндеттері
20-бап. Салық органдарының лауазымды адамдарын материалдық қамтамасыз ету, құқықтық және әлеуметтік қорғау
21-бап. Жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктері
22-бап. Салық органдарының уәкілетті мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылы
23-бап. Уәкілетті органның әскери басқару органдарымен өзара іс-қимылы
24-бап. Екінші деңгейдегі банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың мiндеттерi
24-1-бап. Төлем ұйымдарының уәкілетті органға ақпарат беру жөніндегі міндеті
25-бап. Уәкiлеттi мемлекеттік органдардың және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру кезiндегi өзара iс-қимылы
26-бап. Уәкілеттi мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдар мен уәкілетті тұлғалардың салық органдарымен өзара іс-қимылы кезіндегі мiндеттерi
27-бап. Бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандардың, орталық депозитарийдің, брокерлердің және (немесе) дилерлердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының салық органдарымен өзара іс-қимылы кезіндегі міндеттері
28-бап. Коллекторлық агенттіктердің және тауарлармен электрондық саудаға байланысты қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілердің міндеттері
29-бап. Тұлғаның және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, жекелеген жағдайларда азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алу, жұмсау кезіндегі міндеттері
30-бап. Салықтық құпия
2-БӨЛІМ. САЛЫҚТЫҚ МІНДЕТТЕМЕ
4-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
31-бап. Салықтық міндеттеме
32-бап. Салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект
33-бап. Салықтық база
34-бап. Салықтық мөлшерлеме
35-бап. Салықтық кезең
5-тарау. САЛЫҚТЫҚ МІНДЕТТЕМЕНІ ОРЫНДАУ
36-бап. Салықтық міндеттемені орындау
37-бап. Салықтық міндеттемені орындау кезінде салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есептеу ерекшеліктері
38-бап. Салықтық міндеттемені орындау мерзімдері
39-бап. Салықтық берешекті өтеу тәртібі
40-бап. Мүлікті сенімгерлік басқаруға беру кезінде салықтық міндеттемені орындау
41-бап. Мемлекеттік мекемелердің мүлікті сенімгерлік басқаруға беруі кезінде салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері
42-бап. Корпоративтік және жеке табыс салықтары бойынша мүлікті сенімгерлік басқару нәтижесінде туындайтын кірістерді, шығындарды және мүлікті есепке алу жөніндегі жалпы ережелер
43-бап. Корпоративтік және жеке табыс салықтары бойынша салықтық міндеттемені орындайтын сенімгерлік басқарушыны салықтық есепке алу ерекшеліктері
44-бап. Қатысу үлесі және акциялар түрінде мүлікті сенімгерлік басқару кезінде корпоративтік және жеке табыс салықтары бойынша салықтық есепке алу ерекшеліктері
45-бап. Қатысу үлесінен және акциялардан басқа, мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актілер бойынша корпоративтік және жеке табыс салықтары бойынша салықтық есепке алу ерекшеліктері
46-бап. Хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның салықтық міндеттемесін орындау
47-бап. Қайтыс болған жеке тұлғаның салықтық берешегін өтеу
48-бап. Салықтық міндеттеме мен талап бойынша талап қоюдың ескіру мерзімдері
6-тарау. Салықтарды, мемлекеттік бажды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту. Салықтық міндеттемені тоқтату негізі. Инвестициялық салық кредиті
49-бап. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту туралы жалпы ережелер
49-1-бап. Инвестициялық салық кредиті
50-бап. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту немесе инвестициялық салық кредитін беру туралы шешім қабылдауға уәкілеттік берілген орган
51-бап. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейiнге қалдыруды немесе мерзiмiн ұзартуды беру тәртібі мен шарттары
51-1-бап. Инвестициялық салық кредитін беру шарттары
51-2-бап. Соттарда мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыруды беру тәртібі мен шарттары
52-бап. Мүлікті кепілге қою шартын жасасу талаптары
53-бап. Банк кепілдігі
54-бап. Кейінге қалдырудың, мерзімін ұзартудың және инвестициялық салық кредитінің қолданылуын тоқтату
55-бап. Кепілге қойылған мүлікке өндіріп алуды қолдану және оны өткізу, сондай-ақ банк кепілдігінің орындалуын талап ету тәртібі
56-бап. Салықтық міндеттеменің тоқтатылуы
7-тарау. САЛЫҚ ТӨЛЕУШІ ТАРАТЫЛҒАН, ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН, ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТҚАН КЕЗДЕ САЛЫҚТЫҚ МІНДЕТТЕМЕНІ ОРЫНДАУ
57-бап. Жалпы ережелер
58-бап. Таратылатын заңды тұлғаның салықтық міндеттемесін, сондай-ақ бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, тұрақты мекемесінің Қазақстан Республикасындағы қызметі тоқтатылған кезде салықтық міндеттемені орындау
59-бап. Таратылатын резидент-заңды тұлғалардың жекелеген санаттарының салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері
60-бап. Салықтар бойынша аудит қорытындысының нәтижелері бойынша таратылатын резидент-заңды тұлғалардың және қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері
61-бап. Резидент-заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесінің салықтық міндеттемесін орындау
62-бап. Заңды тұлға бірігу, қосылу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде салықтық міндеттемені орындау
63-бап. Бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін ашпаған тұрақты мекеме Қазақстан Республикасында тиімді басқару орнының (нақты басқару органының орналасқан жерінің) болуына байланысты құқықтары мен міндеттерін берген кезде оның салықтық міндеттемесін орындау
64-бап. Бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде заңды тұлғаның салықтық міндеттемесін орындау
65-бап. Қызметі тоқтатылған кезде дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның салықтық міндеттемесін орындау
66-бап. Қызметі тоқтатылған кезде дара кәсіпкерлердің және жеке практикамен айналысатын адамдардың жекелеген санаттарының салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері
67-бап. Дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату
3-БӨЛІМ. САЛЫҚТЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ САЛЫҚТЫҚ ӘКІМШІЛЕНДІРУДІҢ ӨЗГЕ ДЕ НЫСАНДАРЫ
8-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
68-бап. Салықтық әкімшілендіру
69-бап. Салықтық бақылау
70-бап. Салықтық зерттеп-қарау
71-бап. Куәгерлердің қатысуы
72-бап. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірісін жекелеген жағдайларда, оның ішінде жанама әдіспен айқындау
73-бап. Салық төлеушілерге жәрдемдесу
9-тарау. САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІ САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНДА ТІРКЕУ
74-бап. Жалпы ережелер
1-параграф. Салық төлеушi ретiнде тiркеу
75-бап. Жеке, заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқорына енгізу
75-1-бап. Салық төлеушінің паспорты
76-бап. Бейрезидентті салық төлеушi ретінде тiркеу ерекшеліктері
77-бап. Салық төлеушiлердің мемлекеттік дерекқорындағы тiркеу деректерін өзгерту және толықтыру
78-бап. Салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан алып тастау
2-параграф. Дара кәсіпкерді және жеке практикамен айналысатын адамды тіркеу есебі
79-бап. Дара кәсіпкер және жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебіне қою
80-бап. Дара кәсіпкердің және жеке практикамен айналысатын адамның тіркеу деректерін өзгерту
81-бап. Дара кәсіпкер және жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінен шығару
3-параграф. Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі
82-бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою
83-бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою
84-бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк
85-бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару
4-параграф. Алып тасталды
5-параграф. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiні тіркеу есебі
88-бап. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қою
89-бап. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің тiркеу деректерiн өзгерту және толықтыру
90-бап. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебінен шығару
6-параграф. Салық төлеушіні әрекет етпейтін, тарату, қызметін мәжбүрлі тәртіппен тоқтату сатысында тұрған деп тану
91-бап. Әрекет етпейтін салық төлеуші
92-бап. Тарату (қызметін тоқтату) сатысында тұрған салық төлеуші
93-бап. Салық төлеушілердің қызметін мәжбүрлі тәртіппен тоқтату ерекшеліктері
10-тарау. КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ
94-бап. Камералдық бақылау
95-бап. Камералдық бақылауды жүргізу тәртібі мен мерзімдері
96-бап. Камералдық бақылау нәтижелерi
11-тарау. САЛЫҚТЫҚ МІНДЕТТЕМЕНІҢ, ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРДІ, АЙЫППҰЛДАР МЕН ӨСІМПҰЛДЫ АУДАРУ БОЙЫНША МІНДЕТТІҢ ОРЫНДАЛУЫН ЕСЕПКЕ АЛУ
97-бап. Жалпы ережелер
98-бап. Салықтар және бюджетке төленетiн төлемдер, әлеуметтiк төлемдер бойынша есеп-қисаптарды салыстырып тексеру жүргiзу
99-бап. Қаулыны орындаудың ескіру мерзімінің өтуіне байланысты айыппұл төлеу бойынша міндеттеменің тоқтатылуы
100-бап. Есебі салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтердi беру тәртiбi
1-параграф. Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару
101-бап. Жалпы ережелер
102-бап. Салықтар, бюджетке төленетін төлемдер, өсімпұл сомаларын есепке жатқызу
103-бап. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасын есепке жатқызу, қайтару
104-бап. Қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару
105-бап. Қосылған құн салығын өзге де негіздер бойынша қайтару
106-бап. Салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша құқыққа сыйымсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын, сондай-ақ артық төленген соманы қайтару
107-бап. Сот шешімі бойынша электрондық аукциондар қорытындыларының күшін жою нәтижесінде салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленген сомасын қайтару
108-бап. Мемлекеттiк баждың төленген сомаларын қайтару ерекшеліктері
108-1-бап. Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесі жөніндегі салықтық міндеттеме бойынша заттай нысанда есепке жатқызу ерекшеліктері
2-параграф. Жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу және (немесе) қайтару
109-бап. Жалпы ережелер
110-бап. Жеке табыс салығы бойынша салыстырып-тексеру
111-бап. Салық агенттерінің мәліметтері негізінде жеке табыс салығы бойынша салыстырып-тексеруді жүргізу тәртібі
112-бап. Білім беруге, медицинаға, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалатын шығыстар бойынша салықтық шегерімдер сомасын растау үшін жеке табыс салығы бойынша салыстырып-тексеруді жүргізу тәртібі
113-бап. Жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын есепке жатқызу және (немесе) қайтару тәртібі
12-тарау. САЛЫҚТЫҚ МІНДЕТТЕМЕНІ, ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРДІ ЕСЕПТЕУ, ҰСТАП ҚАЛУ ЖӘНЕ АУДАРУ БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ ХАБАРЛАМА
114-бап. Жалпы ережелер
115-бап. Хабарламаны табыс ету және орындау тәртібі
13-тарау. МЕРЗІМІНДЕ ОРЫНДАЛМАҒАН САЛЫҚТЫҚ МІНДЕТТЕМЕНІҢ ОРЫНДАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТӘСІЛДЕРІ
116-бап. Мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері
117-бап. Салықтардың және бюджетке төленетiн төлемдердiң мерзiмiнде төленбеген сомасына өсiмпұл
118-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру
119-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру
120-бап. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеу
120-1-бап. Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін шектеу
14-тарау. САЛЫҚТЫҚ БЕРЕШЕКТІ МӘЖБҮРЛЕП ӨНДІРІП АЛУ ШАРАЛАРЫ
121-бап. Салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары
122-бап. Банктік шоттардағы ақша есебінен бюджетке берешекті өндіріп алу
123-бап. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) салықтық берешегі сомасын оның дебиторларының шоттарынан өндiрiп алу
124-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін бюджетке берешек есебіне өткізу есебінен өндіріп алу
125-бап. Салық төлеуші (салық агенті) - жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығарту
126-бап. Салық төлеушіні (салық агентін) банкрот деп тану
127-бап. Салықтық берешегі бар салық төлеушілердің (салық агенттерінің) тізімдерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
128-бап. Салық төлеуші - дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлғаның салықтық берешегін өндіріп алу
15-тарау. САЛЫҚТЫҚ МОНИТОРИНГ
129-бап. Жалпы ережелер
130-бап. Ірі салық төлеушілер мониторингі
131-бап. Деңгейлес мониторинг
132-бап. Ірі салық төлеушілер мониторингін жүргізу тәртібі
133-бап. Деңгейлес мониторингті жүргізу тәртібі
16-тарау. АЛДЫН АЛА ТҮСІНДІРМЕ
134-бап. Жалпы ережелер
135-бап. Алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуды қарау тәртібі
17-тарау.ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
136-бап. Жалпы ережелер
137-бап. Тәуекел өлшемшарттары
18-тарау. САЛЫҚТЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР
1-параграф. Салықтық тексерулерді жүргізу бойынша жалпы ережелер
138-бап. Салықтық тексеру ұғымы
139-бап. Салықтық тексерулерге қатысушылар
140-бап. Салықтық тексерулердің нысандары
141-бап. Кешенді тексеру
142-бап. Тақырыптық тексеру
143-бап. Қарсы тексеру
144-бап. Хронометраждық зерттеп-қарау
145-бап. Салықтық тексерулердің түрлері
2-параграф. Салықтық тексерулерді жүргізу тәртібі мен мерзімдері
146-бап. Салықтық тексерулерді жүргiзу мерзiмi
147-бап. Салықтық тексеру туралы хабарлама
148-бап. Салықтық тексеруді жүргізу үшін негіз
149-бап. Салықтық тексерулерді жүргізудің басталуы
150-бап. Тексерудің стандартты файлы
151-бап. Хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу ерекшеліктері
152-бап. Қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексерулерді жүргізу ерекшеліктері
153-бап. Қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарттың ережелерін қолдануға байланысты бейрезидент бюджеттен қайтаруды ұсынған табыс салығын растау мәселесі бойынша салық агенттері болып табылатын салық төлеушілерге тақырыптық тексерулер жүргізу ерекшеліктері
154-бап. Салық органының және өзге де мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының салықтық тексеруді жүргізу үшін аумаққа және (немесе) үй-жайға кіруі
155-бап. Салық органының лауазымды адамдарының салықтық тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері
156-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері
157-бап. Салықтық тексерудің алдын ала актісі
158-бап. Салықтық тексерудің аяқталуы
159-бап. Салықтық тексерудің нәтижелері бойынша шешім
3-параграф. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жекелеген жағдайларда, оның ішінде жанама әдіспен айқындау
160-бап. Жалпы ережелер
161-бап. Есепке алу құжаттары (мәліметтері) және өзге де құжаттар (мәліметтер) болмаған кездегі салықтық тексерулер
162-бап. Ақпарат көздері
163-бап. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау тәртібі
164-бап. Салық салу объектілерін жекелеген жағдайларда айқындау
19-тарау. БАҚЫЛАУ-КАССА МАШИНАЛАРЫН ҚОЛДАНУ
165-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
166-бап. Жалпы ережелер
167-бап. Бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою
168-бап. Бақылау-касса машинасының тiркеу деректерiне өзгерістер енгізу
169-бап. Бақылау-касса машинасын салық органында есептен шығару
170-бап. Мемлекеттік тізілім
171-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау және салық органдарына беру тәртібі
20-тарау. САЛЫҚТЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ӨЗГЕ ДЕ НЫСАНДАРЫ
172-бап. Қазақстан Республикасында өндірілген немесе Қазақстан Республикасына импортталған акцизделетін тауарларды бақылау
173-бап. Трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау
174-бап. Мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын бақылау
175-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметін бақылау
176-бап. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу тәртібінің сақталуын бақылау
176-1-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарлардың айналымын қадағалап отыру
4-БӨЛІМ. ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ, ДЕҢГЕЙЛЕС МОНИТОРИНГ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ЖӘНЕ САЛЫҚ ОРГАНДАРЫ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫНЫҢ ӘРЕКЕТТЕРІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ) ШАҒЫМ ЖАСАУ
21-тарау. ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАҒА, ДЕҢГЕЙЛЕС МОНИТОРИНГ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАҒА ШАҒЫМ ЖАСАУ ТӘРТІБІ
177-бап. Жалпы ережелер
178-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беру тәртібі
179-бап. Салық төлеуші (салық агенті) шағымының нысаны мен мазмұны
180-бап. Шағымды қараудан бас тарту
181-бап. Уәкілетті органға жіберілген шағымды қарау тәртібі
182-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару
183-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту
184-бап.Уәкілетті орган шешімінің нысаны мен мазмұны
185-бап. Уәкілетті органға немесе сотқа шағым (арыз) берудің салдары
186-бап.Тақырыптық тексеруді тағайындау және жүргізу тәртібі
22-тарау. САЛЫҚ ОРГАНДАРЫ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫНЫҢ ӘРЕКЕТТЕРІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ) ШАҒЫМ ЖАСАУ ТӘРТІБІ
187-бап. Шағым жасау құқығы
188-бап. Шағым жасау тәртібі
2. ЕРЕКШЕ БӨЛІК
5-БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
189-бап. Салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері
23-тарау. САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ
190-бап. Салықтық есепке алу және есепке алу құжаттамасы
191-бап. Салықтық есепке алу саясатына қойылатын талаптар
192-бап. Салықтық есепке алу қағидалары
193-бап. Есепке алу құжаттамасын жасауға және сақтауға қойылатын талаптар
194-бап. Бөлек салықтық есепке алуды жүргізу қағидалары
195-бап. Корпоративтік табыс салығы бойынша бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің жалпы қағидаттары
196-бап. Қаржы лизингі
197-бап. Салықтық жеңілдіктерді қолдану мақсаттары үшін мүлікті қаржы лизингіне беру шарттары
198-бап. Бірлескен кәсіпкерлік кезінде салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері
199-бап. Бірлескен қызметті жүзеге асыру
200-бап. Жер қойнауын пайдаланушылардың бірлескен қызметті жүзеге асыру ерекшеліктері
24-тарау. «БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫНА СӘЙКЕС БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПКЕ АЛУДЫ ЖҮРГІЗУДІ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ЖАСАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРМАЙТЫН ДАРА КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУДЫ ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ