«Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10999 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізлсін: мынадай мазмұндағы 1-тармақтың 3) тармақшасымен толықтырылсын: «3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Интернетке қол жеткізу қызметтерін көрсету қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Телефон байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпарат (бұдан әрі - қызметтік ақпарат) - жеке тұлғалар үшін жеке сәйкестендіру нөмірін және заңды тұлғалар үшін бизнес-сәйкестендіру нөмірін қамтитын, абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы мәліметтер, биллингтік мәліметтер және оларға көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер, абоненттік құрылғының желіде орналасқан жері, деректер беру желісіндегі мекенжайлары және деректер беру желісінде интернет-ресурстарға кіру мекенжайлары, интернет-ресурсты сәйкестендірушілер, деректер беру желісінің хаттамалары;»; 12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «12) байланыс операторы - Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, байланыс қызметтерін көрсететін заңды тұлға;»; 27) тармақша алынып тасталсын; 11-тармақтың 8) тармақшасы алынып тасталсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|