Алматы қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 605-бабына сәйкес VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Алматы қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. «Алматы қаласының аумағында сыртқы (көрнекті) жарнамаларды орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемдер ставкаларын бекіту туралы» IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІV сессиясының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 164 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 803 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 3. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін. 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы С.А. Козловқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасары С.А. Мәкежановқа (келісім бойынша) жүктелсін. 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
мәслихатының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 259шешіміне қосымша
Алматы қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|