Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иран Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Каспий теңізінде теңіз сауда мақсатындағы кеме қатынасы туралы келісім (Астана қ., 2016 жылғы 22 желтоқсанда)
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 557 Қаулысыменбекітілді
Бұдан әрі «Уағдаласушы тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иран Ислам Республикасының Үкіметі теңдік, өзара тиімділік пен өзара көмек қағидаттарына сәйкес теңізде жүзу еркіндігі негізінде екі ел арасында Каспий теңізінде теңіз тасымалы саласындағы қатынастарды нығайтуға және кеңейтуге ниет білдіре отырып, төмендегілер туралы келісті:
Терминдердің анықтамалары
Осы Келісімді орындау үшін төменде көрсетілген терминдер мынадай мағынаны білдіреді: - Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан: Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі; - Иран Ислам Республикасы Үкіметінің атынан: Жолдар және қалалық даму министрлігі - Порттар және Теңіз ұйымдары. Құзыретті органдардың атаулары немесе функциялары өзгерген жағдайда, Тараптар бұл туралы бір-біріне дипломатиялық арналар арқылы хабарлайды. 2) «Уағдаласушы тараптың кемесі» - Уағдаласушы тарап өз мемлекетінің қолданыстағы ұлттық заңдарына және қағидаларына сәйкес тіркеген және осы Тараптың туын көтеріп жүзетін кез келген сауда мақсатындағы теңіз кемесі. Осы термин әскери кемелерге, балық аулау, медициналық және зерттеу мақсатындағы кемелерге, сондай-ақ коммерциялық емес мақсаттарда пайдаланылатын өзге де мемлекеттік кемелерге қолданылмайды; 3) «Уағдаласушы тараптың кеме қатынасы компаниясы» - Уағдаласушы тарап өз мемлекетінің қолданыстағы ұлттық заңдарына және қағидаларына сәйкес тіркеген, осы Уағдаласушы тараптың аумағында офисі бар немесе тіркелген мекенжайда тұратын заңды немесе жеке тұлға; 4) «Экипаж мүшесі» - кеме капитаны және теңізшінің жеке куәлігі бар, кеме рөліне аты енгізілген кез келген Уағдаласушы тараптың кеме бортына жалданған кез келген басқа тұлға; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|