Семей қаласында және оның әкімшілік бағыныстылығына берілген аумақта салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескере отырып, аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 529 - бабының 6 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31 - бабының 2) тармақшасына, «Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 475 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17847 тіркелген) сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Семей қаласында және оның әкімшілік бағыныстылығына берілген аумақта салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескере отырып, аймаққа бөлу коэффициенттері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) аумақтық әділет органында осы қаулының мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Семей қаласында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын; 3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бюджетті қалыптастыру және орындау, несие және кеден саясаты, банк мекемелері, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, ветеринария, өнеркәсіп, кәсіпкерлік, байланыс, туризм және сауда, еңбек және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инспекция мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|