|
|
|
Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы (2024.03.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексі 85-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесі; 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелерді жүргізу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі - Қағидалар); 3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес халықтың профилактикалық екпелерге жатқызылатын топтары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері: 1) Қағидаларға сәйкес халықтың профилактикалық екпелерді алуын; 2) профилактикалық екпелер жүргізуге жағдайлары жоқ елді мекендерде тұратын халықты вакцинациялау мақсатында көшпелі екпе бригадаларының жұмыс істеуін қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2021.30.03. № 173 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2024.20.02. № 102 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (2024 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |