Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 216/НҚ бұйрығына 4-қосымша
«Зымыран-ғарыш техникасы мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымының объектілерін пайдалану» кәсіби стандарты
1. «Зымыран-ғарыш техникасы мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымының объектілерін пайдалану» кәсіби стандарты ғарыш қызметі саласындағы қызметкерлердің (мамандардың) біліктілік деңгейіне, құзыреттілігіне, мазмұнына, еңбек сапасы мен жағдайына қойылатын талаптарды айқындайды. Кәсіби стандарт: кәсіби қызмет мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеуге, еңбек нарығының жаңа технологиялары мен қажеттіліктерінің пайда болуын еске ала отырып, біліктілік талаптарын нақтылау; ғарыш саласындағы қызметкерлердің (мамандардың) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара әрекеттесуін реттеу; мамандардың білім беру стандарттарын, даярлау бағдарламаларын, біліктілігін арттыру және кәсіби қайта даярлауын әзірлеуге арналған талаптарды регламенттеу; персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде ғарыш саласындағы қызметкерлердің құзыреттілігін бағалауға арналған талаптарын регламенттеу; персоналды басқару саласындағы міндеттердің кең шеңберін шешуге, еңбек сапасының, ұлттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін, уәждемесі мен ынталандыруының жүйелерін және басқаларды құруды қамтамасыз етуге арналған. 2. Осы кәсіби стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1) біліктілік - нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға жұмыскер дайындығының, оның білімі, машықтары және дағдыларының дәрежесі; 2) біліктілік деңгейі - еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі өлшемдеріне қарай сараланатын жұмыскердің даярлық деңгейіне және құзыреттілігіне қойылатын талаптардың жиынтығы. Біліктілік деңгейі ұлттық және салалық біліктілік шеңберлері дескрипторларының деңгейіне және мазмұнына сәйкес келеді; 3) ғарыштық бас бөлік - пайдалы жүк, аралық бөлікпен бірге ағыстатқыштың және екпiндеткiш блоктың жиынтығы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|