Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 176 қаулысымен бекітілген 6-қосымша
Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 111 Қаулысымен күші жойылды
«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 25 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18243 тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті арнайы есепке алғаны туралы хабарламасы не Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерінің) iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен жүгінуі, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|