Алматы облысының 2020-2021 жылдарға арналған спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағының 20-5) тармақшасына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Алматы облысының 2020-2021 жылдарға арналған спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Алматы облысы әкімдігінің «Спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы» 2017 жылғы 29 қарашадағы № 534 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4407 тіркелген, 2017 жылдың 15 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның облыс әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы қаулыны мемлекеттік тіркеуден кейін осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді он жұмыс күні ішінде «Алматы облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне ұсынылуын қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Мәнізоровке жүктелсін. 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А. Райымқұлова Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|