|
|
|
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017.14.02. № 8 бұйрығымен алып тасталды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығына 4-қосымша
Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қажыландыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заң) 7-бабы 6) тармақшасына, «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі, «Білім беру туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасына (бұдан әрі - Бағдарлама) сәйкес әзірленді және кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) әлеуметтік демалыс - ана болу, балалардың күтімі үшін, өндірістен қол үзбей білім алу және өзге де әлеуметтік мақсаттар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жұмыскерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату; 2) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі - халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |