|
|
|
Адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшерін белгілеу туралы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 833 Қаулысымен 2019 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 112-бабына, «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көзделген жағдайларда адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеудің және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің мынадай мөлшерлері (бұдан әрі — ақы төлеу мөлшері) белгіленсін: 1) бір сағатқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген 1/10 ең төменгі жалақы мөлшері; аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның қорғаушысы ретінде, сондай-ақ аса ауыр қылмыс салдарынан жәбірленуші деп танылған адамның өкілі ретінде қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысына қатысу; аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күзетпен қамаудағы қорғалушымен немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатқанмен кездесу; аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталғанды қорғауға немесе аса ауыр қылмыс салдарынан жәбірленуші деп танылған адамның мүддесінде анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекетіне (әрекетсіздігіне) және шешіміне өтінішхаттар, шағымдар, апелляциялық, кассациялық және өзге де шағымдар жасау; 2) бір сағатқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген 1/15 ең төменгі жалақы мөлшері: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |