«Мамандандырылған білім беру ұйымдарының желісін және дарынды балалармен жұмыс жөніндегі оқу-әдістемелік кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № 428 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2020 жылғы 23 қарашадағы № 493 бұйрығымен күші жойылды
«Нормативтік құқықтық туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес мамандандырылған білім беру ұйымдарының желісін кеңейту мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. «Мамандандырылған білім беру ұйымдарының желісін және дарынды балалармен жұмыс жөніндегі оқу-әдістемелік кеңес туралы ережені бекіту» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № 428 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мамандандырылған білім беру ұйымдарының желісі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім беру департаменті (Ш.Т. Каринова) осы бұйрықты орындау және басшылыққа алу үшін облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының назарына жеткізсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Білім және ғылым министрінің м.а. 2018 жылғы 13 шілдедегі № 341 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № 428 бұйрығына 1-қосымша
Мамандандырылған білім беру ұйымдарының желісі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|