«Қаржылық есептілікті депозитарийге беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1173 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № 65 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қаржылық есептілікті депозитарийге беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1173 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 57, 812-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржылық есептілікті депозитарийге беру қағидаларында: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Депозитарий — жылдық қаржылық есептілік және ұйымдар жыл сайын беріп отыратын аудиторлық есептер, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімі, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың корпоративтік оқиғалары туралы ақпарат қамтылатын, пайдаланушылар үшін ашық қолжетімді электрондық деректер базасы.»; 6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «6. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес аудит міндетті болып табылатын ұйымдар осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген тәртіппен Уәкілетті ұйымға «PDF (Portable Document Format)» электрондық форматында аудиторлық есепті де (қол қойылған және аудиторлық ұйымның мөрімен куәландырылған қағаз нұсқаның сканерленген көшірмесін) береді. Еншілес ұйымдары бар ұйымдар аудиторлық есепті шоғырландырылған есептілік бойынша ұсынады.»; 8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|