Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы (2018.24.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Әділет министрінің 2018.24.09. № 1439 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер тұлғаларды аттестаттаудан өткiзу қағидаларында: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер тұлға тағылымдамадан өткеннен кейін «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы: 1) тұрғылықты жері бойынша Комиссияға аттестаттауға жіберу туралы сұрау салу; 2) оларды әділет органдарына ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын денсаулық сақтау ұйымдарымен берілген диспансерлік есепте тұратыны/тұрмайтыны туралы үміткердің тұрғылықты жерi бойынша нарколог және психиатрдың анықтамаларының электрондық көшірмесі; 3) заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттың электронды көшірмесін жібереді. Аттестаттауға жіберу туралы сұрау салуда мынадай: диплом туралы; жоғарғы оқу орнының атауы; мамандықтың шифрі; дипломның нөмірі; дипломның берілген күні немесе «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау немесе тану рәсімінен өткенін растайтын құжат туралы: сериясы және нөмірі; негіздеме: күні және нөмірі; тіркеу нөмірі және күні; тағылымдамадан өткені туралы қорытынды туралы; тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны бекіту күні; облысы; тағылымдама жетекшісі; тағылымдаманың басталу күні; тағылымдаманың аяқталу күні туралы мәліметтер қамтылады.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|