|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі № 79-ө өкімін қараңыз
1-бап. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 5, 51-құжат; 2004 ж.,№ 23, 142-құжат; 2006 ж., № 9, 49-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2010 ж., № 24, 143-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118-құжат;№ 23, 138-құжат; 2015 ж., № 22-ІІ, 148-құжат; № 22-V, 154-құжат; 2017 ж., № 12, 37-құжат; № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2019 ж., № 21-22, 91-құжат; 2020 жылғы 31 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауының жекелеген ережелерін іске асыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) «ад хoк» дипломатиялық курьері - курьерлік парақ ресімделген, дипломатиялық поштаны жеткізуді жүзеге асыратын жеке тұлға; 2) вализа - дипломатиялық поштаны тасымалдауға арналған пакет, конверт, қап, чемодан, өзге де ыдыс; 3) дипломатиялық курьер - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дипломатиялық қызмет органдарында республикалық бюджеттен ақы төленетін мемлекеттік лауазымды атқаратын, курьерлік парақ ресімделген, дипломатиялық поштаны жоспарлауды, жиынтықтауды, ресімдеуді, жөнелтуді, жеткізуді және қабылдауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің персоналы; 4) дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйым - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерге, халықаралық ұйымдарға және (немесе) олардың өкілдіктеріне, консулдық мекемелерге және дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) олардың өкілдіктерінің басшыларына, персоналы мүшелеріне, Қазақстан Республикасындағы консулдық мекемелердің жұмыскерлеріне қызмет көрсету жүктелген заңды тұлға. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымға өзге де функциялар жүктелуі мүмкін; 5) дипломатиялық пошта - дипломатиялық поштаға жататындығы курьерлік парақпен расталатын, ресми құпия емес немесе құпия хат-хабар, заттар немесе техника; 6) курьерлік парақ - Сыртқы істер министрлігінің немесе шет елдегі мекеменің дипломатиялық пошта, дипломатиялық курьер мен «ад хок» дипломатиялық курьері мәртебесін растайтын ресми құжаты; 7) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің ардагері (бұдан әрі - дипломатиялық қызмет ардагері) - бұрын Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі персоналының лауазымын атқарған, жиырма бес жылдан кем емес жалпы еңбек өтілі бар, оның он жылын дипломатиялық қызмет органдарында жұмыс істеген және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адам; 8) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің жұмыскерлері (бұдан әрі - дипломатиялық қызмет жұмыскерлері) - дипломатиялық қызмет органдарында штаттық әкімшілік-техникалық лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілер; 9) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің қызметкерлері (бұдан әрі - дипломатиялық қызмет қызметкерлері) - дипломатиялық қызмет органдарында штаттық дипломатиялық лауазымдарды атқаратын, әдетте, дипломаттық дәрежесі бар және құқықтары мен міндеттерін дипломатиялық қызмет органдарына жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыру мақсатында жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер; 10) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің персоналы (бұдан әрі - дипломатиялық қызмет персоналы) - дипломатиялық қызмет қызметкерлері мен дипломатиялық қызмет жұмыскерлері; 11) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі персоналының бірге жүретін отбасы мүшелері (бұдан әрі - дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелері) - дипломатиялық қызмет персоналының жұбайы (зайыбы), кәмелетке толмаған балалары, кәмелетке толмаған асырап алған балалары, сондай-ақ медициналық ұйымның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген қорытындысына сәйкес күтіп-бағуға мұқтаж еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалары және (немесе) ата-аналары. Дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелерінің қатарына осы тармақшаның бірінші бөлігінде аталған адамдарды қосу тәртібі, сондай-ақ еңбекке жарамсыз ата-аналарын қосудың айрықша жағдайлары Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің персоналын ротациялау қағидаларында айқындалады; 12) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі персоналының отбасы мүшелері (бұдан әрі - дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшесі) - дипломатиялық қызмет персоналының жұбайы (зайыбы), балалары, асырап алған балалары, сондай-ақ ата-аналары; 13) Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі (бұдан әрі - дипломатиялық қызмет) - Қазақстан Республикасы азаматтарының дипломатиялық қызмет органдарындағы Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылатын кәсіптік қызметі; 14) Қазақстан Республикасының консулдық қызметі - дипломатиялық қызметтің халықаралық құқық жол беретін шекте қызметі мемлекеттің, Қазақстан Республикасы азаматтарының және заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен достық қатынастарын дамытуға және экономикалық, сауда, ғылыми-техникалық, гуманитарлық-мәдени байланыстарды және туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге жәрдем көрсетуге бағытталған бір бөлігі. Қазақстан Республикасының консулдық қызметі өз жұмысын Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысына сәйкес жүзеге асырады; 15) Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі - бір немесе бірнеше шет мемлекетпен қатынастарда Қазақстан Республикасын білдіруге Қазақстан Республикасының Президенті уәкілеттік берген мемлекеттік саяси қызметші; 16) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі - бір немесе бірнеше халықаралық ұйыммен қатынастарда Қазақстан Республикасын білдіруге Қазақстан Республикасының Президенті уәкілеттік берген мемлекеттік саяси қызметші; 17) Сыртқы істер министрлігінің кадр резерві - бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымдарын атқарған, дипломатиялық қызмет органдарындағы бос немесе уақытша бос лауазымдарға орналасуға үміткер адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қалыптастырылған, жүйеленген тізімі; 18) шет елдердегі мекемелер - Қазақстан Республикасының шет елдегі дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері, сондай-ақ консулдық мекемелері.»; 2) 4-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Дипломатиялық қызметтің бірыңғай жүйесін Сыртқы істер министрлігі, оның ведомстволары, Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі, шет елдердегі мекемелер, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің қарамағындағы ведомстволық бағынысты ұйымдар, ғылыми-зерттеу және оқу орындары құрайды.»; 3) 5-бапта: 5) тармақшадағы «шет елдерде» деген сөздер «шет елде» деген сөздермен ауыстырылсын; 8-2) тармақшадағы «халықаралық ұйымдардың өкілдіктерімен» деген сөздер «халықаралық ұйымдармен және (немесе) олардың өкілдіктерімен» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 6-бапта: 15) және 16) тармақшалардағы «шет елдерде» деген сөздер «шет елде» деген сөздермен ауыстырылсын; 18) тармақшадағы «шетелдік дипломатиялық және соларға теңестірілген өкілдіктердің» деген сөздер «дипломатиялық өкілдіктердің» деген сөздермен ауыстырылсын; 20) тармақшадағы «шет елдерде» деген сөздер «шет елде» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 27-10), 27-11), 27-12), 27-13) және 27-14) тармақшалармен толықтырылсын: «27-10) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін дипломатиялық поштаны жоспарлау, жиынтықтау, ресімдеу, жөнелту, жеткізу, қабылдау және сақтау тәртібін әзірлеу; 27-11) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін дипломатиялық поштаны пайдалану құқығы бар Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары мен ұйымдарының тізбесін әзірлеу; 27-12) шет елдердегі мекемелерде бухгалтерлік есепке алу жөніндегі жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы нұсқаулықты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеу және бекіту; 27-13) Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі туралы ережені әзірлеу; 27-14) дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан не шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақаты салдарынан бір жыл ішінде қайтыс болған, оған шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде ауруы, мертігуі, (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан болған мүгедектік белгіленген жағдайда және шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде мүгедектікке алып келмеген мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) жағдайында біржолғы өтемақы төлеу тәртібін әзірлеу және бекіту;»; 5) 7-бапта: 2-тармақтағы «курьерлік қызметін» деген сөздер «дипломатиялық поштаны» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақта: «шет елдердегі» деген сөздер «шет елдегі» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Шет елдердегі мекемелердің ақпараттық қауіпсіздігін, инженерлік-техникалық, арнаулы және физикалық қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»; 6) 1-тарау мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын: «7-1-бап. Дипломатиялық пошта 1. Дипломатиялық пошта дипломатиялық қызмет органдарының қызметін қамтамасыз етуге, дипломатиялық поштадағы мәліметтерді ашуға жол бермеуге, сондай-ақ дипломатиялық қызмет органдары арасында жедел байланыс орнатуға арналған. Мемлекеттік құпиялар, сондай-ақ таратылуы шектеулі қызметтік ақпарат бар дипломатиялық поштаны жиынтықтау, ресімдеу, жөнелту, жеткізу, қабылдау және сақтау мемлекеттік құпияларды және таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты құрайтын мәліметтерді қорғау жөніндегі талаптар сақтала отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Дипломатиялық пошта Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасының реттеу нысанасы болып табылмайды. 2. Сыртқы істер министрлігі және шет елдердегі мекемелер дипломатиялық поштаны жоспарлауды, жиынтықтауды, ресімдеуді, жөнелтуді, жеткізуді, қабылдауды және сақтауды жүзеге асырады. 3. Өз қызметін орындау үшін дипломатиялық поштаны пайдалану құқығы бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары хат-хабарды, заттарды немесе техниканы дипломатиялық пошта арқылы жөнелтеді. 4. Егер Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдарының дипломатиялық поштада өткізілуіне тыйым салынған хат-хабар, заттар немесе техника бар деп есептеуге жеткілікті негіздері болса, дипломатиялық поштаны зерттеп қарау және ашу дипломатиялық курьердің немесе «ад хок» дипломатиялық курьерінің не дипломатиялық қызмет органдарының өзге де уәкілетті өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады. 5. Дипломатиялық поштаға санкцияланбаған қол жеткізуден қорғау мақсатында дипломатиялық поштасы бар вализа арнаулы қорғау құралдарымен жарақтандырылуы мүмкін. 6. Дипломатиялық поштаның ішіндегісі үшін жауапкершілік хат-хабарды, заттарды немесе техниканы дипломатиялық поштамен жөнелту үшін оларды ұсынатын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына, сондай-ақ шет елдердегі мекемелердің персоналына жүктеледі. 7. Дипломатиялық курьерлер мен «ад хoк» дипломатиялық курьерлері дипломатиялық поштаны жеткізу және оның қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі өз міндеттерін орындау кезінде мемлекеттің қорғауында болады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, ұйымдары мен лауазымды адамдары өз құзыреті шегінде дипломатиялық поштаны жеткізуде және оның қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз етуде жәрдем көрсетуге тиіс. Дипломатиялық пошта Қазақстан Республикасының аумағында жоғалған жағдайда, дипломатиялық поштаны іздестіру және күзетуді қамтамасыз ету бойынша іс-қимылды Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары мен басқа да мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өз құзыретіне сәйкес жүзеге асырады. Дипломатиялық пошта шет мемлекеттің аумағында жоғалған жағдайда, дипломатиялық поштаның тұрған жерін анықтау және оны күзетуді қамтамасыз ету бойынша іс-қимылды дипломатиялық қызмет органдары сыртқы барлау субъектілерімен келісу бойынша жүзеге асырады. 8. Сыртқы істер министрлігі: 1) дипломатиялық поштаны жоспарлауды, жиынтықтауды, ресімдеуді, қабылдауды және сақтауды жүзеге асырады, дипломатиялық поштаны Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге және шет елден Қазақстан Республикасының аумағына жеткізуді ұйымдастырады; 2) өз құзыреті шегінде дипломатиялық поштаны жеткізу кезінде оның қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды; 3) дипломатиялық поштаны жеткізу үшін қажетті құжаттарды ресімдеуді және дипломатиялық курьерлер мен «ад хок» дипломатиялық курьерлеріне беруді қамтамасыз етеді; 4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және ұйымдармен дипломатиялық пошта мәселелері бойынша, оның ішінде бірлескен нормативтік құқықтық актілерге қол қою арқылы өзара іс-қимыл жасайды; 5) дипломатиялық поштаның жеткізілуін ұйымдастыруға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де заңды тұлғаларды тартады. 9. Шет елдегі мекеме: 1) дипломатиялық поштаны жиынтықтауды, ресімдеуді, қабылдауды және сақтауды жүзеге асырады, Сыртқы істер министрлігінен келіп түсетін дипломатиялық поштаның басқа шет елдердегі мекемелерге жеткізілуін ұйымдастырады; 2) Сыртқы істер министрлігіне жеткізу үшін дипломатиялық поштаны жиынтықтауды, сақтауды, ресімдеуді жүзеге асырады; 3) дипломатиялық поштаның Сыртқы істер министрлігіне жеткізілуін ұйымдастырады; 4) өз құзыреті шегінде дипломатиялық поштаны жеткізу кезінде оның қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды; 5) дипломатиялық поштаны жеткізу үшін қажетті құжаттарды ресімдеуді және дипломатиялық курьерлер мен «ад хок» дипломатиялық курьерлеріне беруді қамтамасыз етеді.»; 7) 9-бапта: 1-тармақтағы «мемлекеттік тіл мен орыс тілін» деген сөздер «қазақ, орыс және шет тілдерін» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтың екінші бөлігіндегі «кері шақырып алады» деген сөздер «босатады» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: «4-1. Халықаралық ұйымдардағы жұмысы аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасына оралған және халықаралық ұйымға жұмысқа тағайындалғанға дейін тікелей дипломатиялық қызметте болған дипломатиялық қызмет персоналы халықаралық ұйымдағы лауазымынан босатылған күннен бастап үш ай ішінде Сыртқы істер министрлігіндегі лауазымға конкурстық іріктеу жүргізілмей тағайындалады.»; 8) 11-баптың 1-тармағының жетінші бөлігіндегі «тәртібі Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін ережеде айқындалады» деген сөздер «тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді» деген сөздермен ауыстырылсын; 9) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Дипломатиялық қызмет қызметкерлері, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінен жұмыстан босатылған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында немесе болатын елінің заңнамасында көзделген жауаптылыққа алып келетін іс-әрекеттерді жасаған жағдайда, олардың дипломаттық дәрежесі төмендетілуі немесе дипломаттық дәрежесінен айырылуы мүмкін. Дипломатиялық қызмет органдары жүйесінен қызметтік тәртіпті бұзғаны, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін босатылған кезде дипломатиялық қызмет қызметкері бір мезгілде дипломаттық дәрежесінен айырылады. Дипломатиялық қызмет қызметкерін дипломаттық дәрежесінен айыру немесе төмендету, сондай-ақ оның дәрежесін қалпына келтіру дипломаттық дәреже берілгендегідей тәртіппен жүргізіледі.»; 10) 15-бапта: 1-тармақта: бірінші бөліктегі «айқындайтын тәртіппен» деген сөздер «бекітетін қағидаларға сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөлікте орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 3-тармақта: екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Шет елдердегі мекемелерде жұмыс істеу арасындағы кезеңде Сыртқы істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелеріндегі жұмыс істеу мерзімі дипломатиялық қызмет қызметкерлерінде кемінде екі жылды, дипломатиялық қызмет жұмыскерлерінде кемінде бір жылды құрауға тиіс.»; үшінші бөлік алып тасталсын; 6-тармақта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Осы баптың 3-тармағының күші: 1) осы Заңның 15-2-бабында көзделген жағдайларға; 2) мемлекеттік саяси қызметшілерге; 3) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінде Қазақстан Республикасы Президентінің сыртқы саясат саласындағы өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын лауазымдарды атқаратын адамдарға; 4) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінде халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бірінші орынбасарының және орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының және оның орынбасарларының қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын лауазымдарды атқаратын адамдарға; 5) сирек кездесетін шет тілдерін меңгерген дипломатиялық қызмет персоналына қолданылмайды. Сирек кездесетін шет тілдер тізбесін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі белгілейді.»; 11) 18-бапта: 1-тармақтың 1) және 3) тармақшалары «жұмыскерінің» деген сөздің алдынан «дипломатиялық қызмет» деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақтың екінші бөлігіндегі «резервіне» деген сөз «кадр резервіне» деген сөздермен ауыстырылсын; 12) 21-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «21-бап. Дипломатиялық қызмет персоналын және дипломатиялық қызмет ардагерлерін көтермелеу»; мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: «3. Ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де мерекелерді мейрамдауға байланысты ведомстволық наградалармен наградтауға дипломатиялық қызмет ардагерлері ұсынылуы мүмкін.»; 13) 22-баптың 1-тармағындағы және 23-баптың 1-тармағындағы «заң актілеріне», «заң актілерінде» деген сөздер тиісінше «заңдарына», «заңдарында» деген сөздермен ауыстырылсын; 14) 24-бапта: 1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Шет елдердегі мекемелердің бюджетті жоспарлау, бекіту, қаржыландыру және атқару тәртібін бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі айқындайды.»; 5-тармақта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Дипломатиялық қызмет органдарын, оның ішінде шет елдегі, мемлекеттік меншіктегі және жалға алынған әкімшілік ғимараттарды, тұрғын және тұрғын емес ғимараттар мен үй-жайларды, сондай-ақ шет елдердегі мекемелердің резиденцияларын материалдық-техникалық қамтамасыз ету және оларға сервистік қызмет көрсету бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Дипломатиялық қызмет органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және оларға сервистік қызмет көрсетуді өзіне тиісті функциялар жүктелген дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйым жүзеге асырады. Дипломатиялық қызмет органдарына сервистік қызмет көрсету деп: мүліктің тиісті жай-күйін ұстап-тұруға және қалпына келтіруге; құрылымдық бөлімшелерді жабдықтауға және олардың жұмыс істеуіне; бағдарламалық-ақпараттық және автокөліктік қызмет көрсетуге бағытталған әрекеттер; іс-шараларға қызмет көрсету және оларды өткізу жөніндегі ұйымдастырушылық және ілеспе әрекеттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де әрекеттер түсініледі.»; 15) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын: «24-1-бап. Сыртқы саясат, халықаралық қатынастар және халықаралық құқық мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу Сыртқы саясат, халықаралық қатынастар және халықаралық құқық мәселелері бойынша зерттеулер жүргізуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.»; 16) 25 және 26-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «25-бап. Дипломатиялық қызмет персоналына берілетін кепілдіктер мен өтемақылар 1. Дипломатиялық қызмет персоналын және дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелерін материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету өткеретін қызметінің күрделілігі, онымен байланысты тәуекел, сондай-ақ шет мемлекеттің өзіндік ерекшеліктері ескеріле отырып ұсынылады. Шет елде болу дипломатиялық қызмет персоналын және дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелерін қандай да бір залалға алып келмеуге тиіс. Шет елдегі дипломатиялық қызмет персоналына және дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелеріне қатысты көмек көрсету және қорғауды ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді шет елдегі мекеменің басшысы орындайды. Дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері шет елдегі мекемеде жұмыс істеген уақытында ауырған жағдайда, дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында айқындалған мөлшерде жәрдемақы алуға құқығы бар. Дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері шет елдегі мекемеде жұмыс істеген уақытында қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің жұбайына (зайыбына) немесе «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес айқындалатын жақын туыстарының біріне үш орташа айлық жалақы мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді, бұл ретте жәрдемақы мөлшері «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленгеннен төмен болмайды. Шет елдегі мекемеде жұмыс істеген уақытында дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің отбасында бала туылған жағдайда, дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасында айқындалған мөлшерде жәрдемақы алуға құқығы бар. Шет елдегі мекемеде жұмыс істеген уақытында дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшелері ауырған, қайтыс болған жағдайда, оның отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған мөлшерде жәрдемақы алуға құқығы бар. 2. Шет елдегі мекемеге жұмысқа жіберілген дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің жұбайы (зайыбы) аталған тағайындау туралы шешім қабылданған кезде мемлекеттік қызметте мемлекеттік лауазымды атқарып жүрген жағдайда, оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, Қазақстан Республикасына оралғаннан кейін оның мемлекеттік қызметте бұрын атқарған мемлекеттік лауазымы дипломатиялық қызмет персоналының шет елдегі мекемеде жұмыс істеу кезеңінде сақтала отырып, дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшесі ретінде жұбайының (зайыбының) шет елге шығу кезеңіне жалақысы сақталмайтын демалыс беріледі. 3. Дипломатиялық қызмет персоналына және дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін дипломатиялық қызмет персоналының шет елдегі еңбек жағдайларына сәйкес бюджет қаражаты есебінен медициналық қамтамасыз ету ұсынылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |