«Тағылымдамадан өткен нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 56 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Тағылымдамадан өткен нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 56 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10269 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: Осы бұйрықпен бекітілген Тағылымдамадан өткен нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларында: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер және жеке практикамен айналысатын нотариустардан немесе мемлекеттік нотариустардан тағылымдамадан өткен адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық әдiлет органдары жанында (бұдан әрi - аумақтық әдiлет органдары) құрылатын нотариаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттау жөнiндегi комиссияда (бұдан әрi - Комиссия) аттестаттаудан өтедi. Комиссияның жұмыс органы аумақтық әдiлет органы болып табылады. Комиссия жетi мүшеден - екі нотариустан, нотариаттық палатаның төрағасын қоса алғанда, әдiлет органдарының екi өкiлiнен, құқықтанушы ғалымнан және мәслихат депутатынан тұрады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|