Мәслихаттың 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 297 «Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Мәслихаттың «Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 297 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8942 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 3-1-тармағына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:»; көрсетілген шешіммен бекітілген жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламенті: мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2 және 3-3-тармақтармен толықтырылсын: «3-1. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын жергілікті қоғамдастық жиыны төрт жыл мерзімге айқындайды және жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген кандидаттар қатарынан құрылады. Бұл ретте, жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің (бұдан әрі – жиналыс мүшелері) саны ауыл және ауылдық округ халқының жалпы санына байланысты айқындалады: 1) 10 мың халыққа дейін – жиналыстың 5-10 мүшесі; 2) 10-15 мың халық – жиналыстың 11-15 мүшесі; 3) 15-20 мың халық – жиналыстың 16-20 мүшесі; 4) 20 мыңнан астам халық – жиналыстың 21-25 мүшесі. 3-2. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын қалыптастыру кезінде бөлек жиындар өкілдерінің саны олардың халқының санына барабар айқындалады. 3-3. Бірнеше елді мекендерден тұратын әкімшілік-аумақтық бірлік үшін осы Регламенттің 3-2-тармағының ережелерін ескере отырып, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындары жіберген әрбір елді мекеннен кемінде бір өкіл қамтамасыз етіледі.»; 4 және 5-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын: «4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|