«Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 384 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 308 бұйрығымен күші жойылды
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 384 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12197 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру қағидаларында: 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «4. Рұқсат алу үшiн өтiнiш берушi (не оның сенімхат арқылы өкілі) мынадай құжаттарды: 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімнің транзитіне рұқсат алуға арналған өтiнiшті; 2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы құжатты - шетелдік заңды тұлға үшін; 3) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжатты - шетелдік жеке тұлға үшін; 4) экспорттаушы елдің экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті органы берген өнімді шығаруға рұқсатының бар екендігі туралы құжатты; егер елдің заңнамасында осындай құжатты беру көзделмеген жағдайда, экспорттаушы елдің экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті органынан тиісті растаушы хаты ұсынылады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|