Республикалық терминология комиссиясы туралы
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 5-1) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 157) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда Республикалық терминология комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын. 2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Комиссия туралы ереже бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің «Мемлекеттік терминология комиссиясын құру туралы» 2022 жылғы 19 қыркүйектегі № 48 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушының «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің «Мемлекеттік терминология комиссиясын құру туралы» 2022 жылғы 19 қыркүйектегі № 48 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2023 жылғы 3 мамырдағы № 194 бұйрығы жойылсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|