|
|
|
Қазақстан Республикасының
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-VII, 117, 119-құжаттар; № 22-I, 143-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат): 651-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Аяқталмаған құрылысты тапсырыс берушіге тапсырғанға дейiн және жұмыстарға төлем жасалғанға дейiн мердігер (үлестік тұрғын үй құрылысының объектілерін қоспағанда) оның меншік иесi болып табылады.». 2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-I, 99, 101-құжаттар; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115,117-құжаттар; № 21-I, 124, 126-құжаттар; № 22-ІI, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат): 32-баптың 4-тармағында: бірінші бөліктегі «лицензияны немесе», «тиiстi лицензия» деген сөздер тиісінше «рұқсатты немесе», «тиiстi рұқсат» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктегі «жобалау компаниясына» деген сөздер «құрылыс салушыға және (немесе) уәкілетті компанияға» деген сөздермен ауыстырылсын. 3. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19, 100, 106-құжаттар; № 20, 113, 117-құжаттар; № 21, 121, 124, 130, 132-құжаттар; № 22, 140, 143, 144-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат): 3-тармақтың 1) - 5) тармақшалары осы Заңға қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілді 1) мазмұнында: 212-баптың тақырыбындағы «Республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздер «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын; 217-баптың тақырыбы «жобаларды» деген сөзден кейін «және (немесе) инвестициялық бағдарламаларды» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 3-баптың 1-тармағында: 42-1) тармақша «орталық» деген сөзден кейін «немесе жергілікті» деген сөздермен толықтырылсын; 74) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздерден кейін «жергілікті атқарушы орган» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 19-баптың 6-тармағының бірінші бөлігіндегі «ақша бөлу» деген сөздерден кейін «, қолданылу мерзімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың ағымдағы қаржы жылынан асатын мерзімге жергілікті бюджеттің қолма-қол ақша тапшылығын жабу үшін жергілікті атқарушы органдарға ақша бөлу туралы қаулыларымен белгіленетін осы қаулыларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын; 4) 20-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Кезектi қаржы жылында облыстық бюджетте, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнде қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда, кезектi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте олардың бюджеттерiн кредиттеу үшiн резерв көзделедi. Келесi қаржы жылында аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiнде қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда, кезектi қаржы жылына арналған облыстық бюджетте олардың бюджеттерін кредиттеу үшiн резерв көзделедi. Қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда қарыз алу бұған дейін жоғары тұрған бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша мерзімі өтіп кеткен берешек болмаған кезде, сондай-ақ өтініш берген кезде қолма-қол ақшаны бақылау шотында жергілікті бюджеттің тиісті қаржы жылына арналған шығыстарының бекітілген (нақтыланған, түзетілген) көлемінің бір пайызынан аспайтын қалдық болған (жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстар ескерілмей) және тиісті негіздемелер мен есеп-қисаптар ұсынылған кезде тиісті қаржы жылына арналған борыш лимитінің шегінде жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдарға қолма-қол ақша тапшылығын жабуға бөлінген қаражат қайта құрылымдауға жатпайды. Ағымдағы қаржы жылында қолма-қол ақша тапшылығын жабуға қайта қаражат бөлуге жол берілмейді. Жергілікті атқарушы органдардың жергілікті бюджеттің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға қарыз алуы үш жылға дейінгі мерзімге жүзеге асырылуы мүмкін. Жергілікті атқарушы органдардың жергілікті бюджеттің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ағымдағы қаржы жылынан асатын мерзімге қарыз алуы бюджетке түсетін түсімдер бойынша тиісті жергілікті бюджетті нақтылау арқылы жүзеге асырылады.»; 5) 47-баптың 1-тармағындағы «қаржы жылы ішінде» деген сөздер «тиісті қаржы жылында» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) 88-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «7) қаржы ұйымдарының, Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының жарғылық капиталдарын ұлғайту жағдайларын қоспағанда, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең төмен мөлшерде қалыптастыру кезінде республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға тиісті қаржы жылына көзделген ақшаны есепке жатқызумен және оны инвестициялық жобаларды іске асыруға пайдаланумен не мемлекеттік тапсырманы орындаумен (бұдан әрі - квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоты) байланысты;»; 3-тармақтың 7) - 17) тармақшалары осы Заңға қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілді 7) 106-бап мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын: «2-2. Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ағымдағы қаржы жылынан асатын мерзімге қарыз алған жағдайда да жергілікті бюджеттерді нақтылау жүзеге асырылады.»; 3-тармақтың 8) тармақшасы 2016 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды 8) 192-бап мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын: «2-2. Кредитормен келісім бойынша бюджеттік кредитті өтеу, оның ішінде мерзімінен бұрын өтеу қарыз алушының немесе түпкілікті қарыз алушының кеден және шекара органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне қызмет көрсетумен байланысты кедендік инфрақұрылым және шекаралық сервистік инфрақұрылым объектілеріне, әлеуметтік мақсаттағы объектілерге және мемлекет мұқтаждары үшін пайдаланылатын объектілерге жататын мүлкімен жүзеге асырылуы мүмкін.»; 9) 209-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының қарыз алуы Қазақстан Республикасының Үкiметiнен қарыз алу және республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң тапшылығын қаржыландыру үшiн республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн мемлекеттiк бағалы қағаздар шығаруы түрiнде, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн мемлекеттiк бағалы қағаздар шығаруы түрiнде жүзеге асырылады.»; 10) 212-бапта: тақырыптағы «Республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздер «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын; 1 және 2-тармақтардағы «Республикалық» деген сөздер «Облыстың, республикалық» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтағы «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының» деген сөздер «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының» деген сөздермен ауыстырылсын; 11) 213-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Мемлекеттік емес қарыз сомасы толықтай немесе оның бір бөлігі мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілуі мүмкін.»; 12) 214-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Іске асыру мерзімі бір жылдан асатын инвестициялық жобалар және (немесе) инвестициялық бағдарламалар бойынша бас келісімге қол қоя отырып, мемлекеттік кепілдікті транштармен (бөліп-бөліп) беруге жол беріледі. Бас келісімді іске асыру үшін кепілдік шарты жасалады не жасалған кепілдік шартына мемлекеттік кепілдіктің бас келісімде айқындалған сомасы шегінде өзгерістер енгізіледі.»; 13) 215-баптың 3-тармағында: «келісу бойынша» деген сөздер «бірлесіп» деген сөзбен ауыстырылсын; «компанияны» деген сөзден кейін «және мемлекеттік кепілдікпен берілген мемлекеттік емес қарызды өтеу көздерінің бірі республикалық және жергілікті бюджеттерден төлемақылар (төлемдер) болып табылатын әлеуметтік маңызы бар инвестициялық жобаларды және (немесе) инвестициялық бағдарламаларды іске асыру кезінде квазимемлекеттік сектордың басқа да субъектілерін» деген сөздермен толықтырылсын; 14) 216-бапта: 2) тармақшадағы «жобалардың» деген сөзден кейін «және (немесе) инвестициялық бағдарламаның» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын: «11) осы баптың 3) және 9) тармақшаларының талаптары мемлекеттік кепілдікпен берілген мемлекеттік емес қарызды өтеу көздерінің бірі республикалық және жергілікті бюджеттерден төлемақылар (төлемдер) болып табылатын әлеуметтік маңызы бар инвестициялық жобаларды және (немесе) инвестициялық бағдарламаларды іске асыру кезінде квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қолданылмайды, олардың тізбесін бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органмен бірлесіп мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайды.»; 15) 217-баптың тақырыбындағы және 1-тармағындағы «жобаларды» деген сөзден кейін «және (немесе) инвестициялық бағдарламаларды» деген сөздермен толықтырылсын; 16) 218-баптың 2-тармағында: «жоба» деген сөзден кейін «және (немесе) инвестициялық бағдарлама» деген сөздермен толықтырылсын; «кепілдік шартына» деген сөздер «бас келісімге, кепілдік шартына» деген сөздермен ауыстырылсын; 17) 220-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді орындау республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат шегінде мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді орындау жөнінде талаптар қойылған күннен бастап он сегіз ай ішінде жүзеге асырылады.». 4. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 99, 100, 101-құжаттар; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 119-құжаттар; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 136, 137-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат): 99-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1), 4-1) тармақшалармен және 17) тармақшадағы «кірісі алып тастауға жатады.» деген сөздер «кірісі;» деген сөзбен ауыстырылып, 18) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры кепілдікті жағдайларды реттеу үшін резервті ұлғайтуға бағытталған қаражат шегінде алған кепілдікті жарналар сомасы;»; «4-1) Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) құрылысы аяқталғаннан кейінгі төлемдер бойынша талаптарды қанағаттандыру тәртібімен алған ақша сомасы;»; «18) «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының кепілдікті жағдайларды реттеу үшін резервті ұлғайтуға бағытталған қаражат шегіндегі инвестициялық кірістері алып тастауға жатады.». 5. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат, № 7, 33-құжат, № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат, № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат): 1) мазмұнында 320-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «320-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісінің және Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасының талаптарын бұзу»; 2) 320-бап мынадай редакцияда жазылсын: «320-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісінің және Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасының талаптарын бұзу 1. Құрылыс салушының, уәкілетті компанияның Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісінің талаптарын, оның ішінде ашылуға жататын ақпараттың мазмұнына, сондай-ақ оны тарату тәртібіне қойылатын талаптарды бұзуы не құрылыс салушының, уәкілетті компанияның дәл емес, толық емес немесе анық емес ақпаратты таратуы - заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 2. Құрылыс салушының, уәкілетті компанияның республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мәліметтер мен есептілікті ұсынбауы не олардың анық емес мәліметтер мен есептілікті, сол сияқты инжинирингтік компанияның тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысының барысына мониторинг жүргізу нәтижелері туралы анық емес немесе толық емес есепті ұсынуы - заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер (әрекетсіздік), сол сияқты осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жауаптылыққа тартуға алып келген бұзушылықтарды жоймау - үлескерлер ақшасын тартуға рұқсаттың қолданылуын үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға алып келеді. 4. Кондоминиум объектісін басқару органының тұрғын үй заңнамасында көзделген жағдайларда, екінші деңгейдегі банктерде кондоминиум объектісіне арналған ағымдағы және (немесе) жинақ шоттарын ашу мерзімдерін бұзуы — ескерту жасауға алып келеді. 5. Кондоминиум объектісін басқару органының кондоминиум объектісін басқару жөніндегі тоқсан сайынғы есеп беру мерзімдерін бұзуы — ескерту жасауға алып келеді. 6. Осы баптың төртінші және бесінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) - жеке тұлғаларға - он, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»; 3) 684-баптың бірінші бөлігіндегі «320 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде)» деген сөздер «320 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 729-баптың бірінші және үшінші бөліктеріндегі «320 (бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде)» деген сөздер «320 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 804-баптың бірінші бөлігінің 50) тармақшасындағы «320 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктері)» деген сөздер «320 (бірінші, екінші және үшінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын. 6. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 15, 78-құжат; 21-II, 130-құжат; № 22-I, 143-құжат): 5-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің он бесінші абзацындағы «жобалау компаниялары» деген сөздер «уәкілетті компаниялар» деген сөздермен ауыстырылсын. 7. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 86-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 99, 101-құжаттар; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат): 1) 1-бап мынадай мазмұндағы 56-3) тармақшамен толықтырылсын: «56-3) тапсырыс беруші - қызметін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Жобаның (бағдарламаның) тапсырыс беруші-инвесторы, тапсырыс беруші (меншік иесі), құрылыс салушы не олардың уәкілетті адамдары қызмет мақсаттарына қарай тапсырыс беруші бола алады;»; 7-тармақтың 2) - 12) тармақшалары осы Заңға қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілді 2) 6-бапта: 1-тармақтың 3) тармақшасындағы «объектiлерiне бөлiнедi.» деген сөздер «объектiлерiне;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген құрылыс объектілеріне бөлінеді.»;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |