Ақтөбе облысы бойынша кен іздеушілік үшін аумақтарды айқындау туралы (2020.30.09. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің 65, 264-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Ақтөбе облысы бойынша кен іздеушілік үшін аумақтар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын. 2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 18 шілдедегі № 324 «Ақтөбе облысы бойынша кен іздеушілік үшін аумақтарды айқындау туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5936 тіркелген, 2018 жылғы 2 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электронды түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулы ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің «Батысқазжерқойнауы» Батыс Қазақстан өңіраралық геология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы А. Ерімбетов 2019 жылғы «____» ___________
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша экология департаментi» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|