|
|
|
«Ақталған адамға куәлік беру қағидаларын және ақталған адам куәлігінің үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 78 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Ақталған адамға куәлік беру қағидаларын және ақталған адам куәлігінің үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 78 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26976 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақталған адамға куәлік беру қағидаларында: 2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) ақталған адамға куәлік беру жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) - Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;»; 3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «3. Ақталған адамға куәлік беру туралы өтінішті (бұдан әрі - өтініш) саяси қуғын-сүргінге ұшырап, ақталған адам өзі не өкілі арқылы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып Мемлекеттік корпорацияға береді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |