|
|
|
Осы редакция 2019 жылғы 19 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015.14.01. № 10 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.15.06. № 374 бұйрығымен (бұр.ред.қара) қағида жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 736 бұйрығына 2-қосымша
Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптама жүргізу
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 63-бабына сәйкес (бұдан әрі - Кодекс) әзірленді және мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптама жүргізу тәртібін айқындайды. 2. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника сараптамасын Кодекстің 63-бабының 2-тармағына сәйкес медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын қамтамасыз ету бойынша денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі - мемлекеттік сараптама ұйымы) жүзеге асырады. 3. Сараптамаға Қазақстан Республикасында өндірілген, сондай-ақ оның аумағына әкелінетін медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника жатады. 4. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптауға өтініш бергенге дейін өтініш беруші медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптама жүргізумен байланысты мәселелер бойынша шарт негізінде мемлекеттік сараптама ұйымынан ғылыми және тіркеу алдында консультация алады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |