|
|
|
Қазақстан Республикасының
1-бап. Қазақстан Республикасының мына конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., №12, 192-құжат; 1998 ж., №7-8, 71-құжат; №22, 290-құжат; 1999 ж., №10, 340-құжат; №15, 593-құжат; 2004 ж., №7, 45-құжат; 2005 ж., №7-8, 17-құжат; 2006 ж., №23, 138-құжат; 2007 ж., №12, 85-құжат; 2009 ж., №2-3, 5-құжат; 2010 ж., №11, 55-құжат; 2011 ж., №3, 30-құжат; 2013 ж., №17, 84-құжат; 2014 ж., №16, 89-құжат): 1) 26-баптың 4-тармағының төртінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: «Шешiмге сайлау комиссиясы орналасқан жердегі тиiстi сотқа шағым жасалуы мүмкін, сот шағымды келіп түскен күні қарайды.»; 2) 49-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Соттар мен прокуратура органдары сайлау комиссиялары мүшелерiнiң, азаматтардың, заңда белгiленген тәртiппен тiркелген қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерiнiң дауыс берудi өткізу мәселелеріне қатысты, оның ішінде сайлау туралы заңнаманың бұзылуы туралы сайлауға дайындық және оны өткізу кезеңiнде келiп түскен арыздарын қабылдауға, егер осы Конституциялық заңда өзгеше көзделмесе, оларды - бес күн мерзiмде, ал дауыс беру алдындағы бес күнге жетпейтiн уақыт iшiнде және дауыс беру күнi келiп түскендерiн дереу қарауға мiндеттi.»; 3) 59-баптың 7-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын; 4) 73-баптың 6-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын; 5) 82-баптың 2-тармағының екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: «Бұл ретте Сенат депутаттығына кандидат Орталық сайлау комиссиясының осы шешiмiне қабылданған күнiнен бастап он күн iшiнде Жоғарғы Сотқа шағым жасай алады, ол он күн мерзiмде түпкілікті шешiм қабылдайды.»; 6) 89-бапта: 6-тармақтың 5) тармақшасының тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Партиялық тізімге енгізілген адамды осы тізімнен шығару туралы шешімге партиялық тізімді ұсынған саяси партия не партиялық тізімнен шығарылған адам Жоғарғы Сотқа шағым жасай алады, оның шешімі түпкілікті болып табылады.»; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Партиялық тізімді тіркеуден бас тартуға немесе оны тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға жеті күн мерзімде Орталық сайлау комиссиясына және (немесе) Жоғарғы Сотқа шағым жасауға болады. Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясы немесе Жоғарғы Сот шағым берілген күннен бастап жеті күн мерзімде шағым бойынша шешім шығарады. Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидатты тіркеуден бас тартуға немесе оны тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға екі күн мерзімде Орталық сайлау комиссиясына және (немесе) Жоғарғы Сотқа шағым жасауға болады. Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясы немесе Жоғарғы Сот бір күн ішінде шағым бойынша шешім шығарады.»; 7) 104-баптың 6-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын; 8) 118-баптың 6-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын. 2. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., №23, 410-құжат; 2006 ж., №23, 136-құжат; 2008 ж., №20, 77-құжат; 2010 ж., №24, 147-құжат; 2012 ж., №5, 38-құжат; 2014 ж., №16, 89-құжат; №21, 119-құжат): 1) 11-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мыналар: 1) жалпы отырыс; 2) жалпы отырыстың төралқасы; 3) азаматтық істер жөніндегі сот алқасы; 4) қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы облыстық соттың органдары болып табылады. Сот алқасын осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын төраға басқарады.»; 2) 14-бапта: 1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) сот алқаларының отырыстарында төрағалық етуге құқылы;»; 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «2. Облыстық сот төрағасының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайда төрағаның міндеттерін уақытша атқаруды Жоғарғы Сот Төрағасы облыстық соттың сот алқалары төрағаларының біріне жүктейді, ал сот алқаларының төрағалары болмаған жағдайда облыстық сот төрағасының міндеттерін уақытша атқару облыстық соттың судьясына жүктеледі. 3. Облыстық соттың төрағасы уақытша болмаған жағдайда мiндеттердiң атқарылуын облыстық соттың төрағасы облыстық соттың сот алқалары төрағаларының бiрiне жүктеудi жүзеге асырады, ал сот алқаларының төрағалары болмаған жағдайда облыстық сот төрағасының мiндеттерiн уақытша атқару облыстық соттың судьясына жүктеледі.»; 3) 15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Сот алқасының төрағасы облыстық сот төрағасына сот алқасында мамандандырылған құрамдар қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді.»; 4) 18-баптың 3 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мыналар: 1) жалпы отырыс; 2) жалпы отырыстың төралқасы; 3) азаматтық істер жөніндегі сот алқасы; 4) қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы; 5) мамандандырылған сот алқасы Жоғарғы Соттың органдары болып табылады. Сот алқасын осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын төраға басқарады.»; «6. Жоғарғы Соттың жанынан ғылыми-консультативтік кеңес, халықаралық кеңес және баспасөз органы құрылады.»; 5) 20-баптың 1-тармағының 2) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «2) сот алқаларының отырыстарында төрағалық етуге құқылы;»; «5) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының бекiтуiне Жоғарғы Соттың жалпы отырысы Хатшысының, ғылыми-консультативтік және халықаралық кеңестер мүшелерiнiң кандидатураларын енгiзедi.»; 6) 22-баптың 1-тармағының 7) және 7-4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «7) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша жалпы отырыстың хатшысын, ғылыми-консультативтік және халықаралық кеңестердiң құрамдарын бекiтедi, сондай-ақ жасырын дауыспен Сот жюриiн сайлайды;»; «7-4) Жоғарғы Сот жанындағы ғылыми-консультативтік және халықаралық кеңестер туралы ережелерді бекітеді;»; 7) 22-1-баптың 2-тармағындағы «қадағалау» деген сөз алып тасталсын. 2-бап. Осы Конституциялық заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы шілденің 31-і. № 340-V
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |