Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің брокерлік қызметті жүзеге асыруы тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің брокерлік қызметті жүзеге асыруы тәртібін айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің брокерлік қызметті жүзеге асыруы тәртібі бекітілсін. 2. Монетарлық операциялар департаменті: 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне жіберсін: 2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастырсын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.А. Біртановқа жүктелсін. 4. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 19 қарашадағы № 199 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің брокерлік қызметті жүзеге асыруы тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Ұлттық Банк туралы заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының қаржы нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыру тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|