Осы редакция 2016 жылғы 15 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 477 бұйрығына 7-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті туралы ереже
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тыл департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес ішкі істер органдары (бұдан әрі - ІІО) бөліністерін материалдық-техникалық және әскери жабдықтауды, шаруашылық және тұрмыстық қамтамасыз етуді, күрделі құрылысты және ғимараттарды, жабдықтау және автомобиль техникасын жөндеу-пайдалану қызметін көрсетуді, бекітілген контингентті медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) құрылымдық бөлінісі болып табылады. 2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 3. Департаменттің құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі (бұдан әрі - Министр) бекітеді. 1) Басшылықтан; 2) Әскери және арнайы қамтамасыз ету басқармасынан; 3) Мемлекеттік сатып алу және мониторинг басқармасынан; 4) Күрделі құрылыс басқармасынан; 5) Медициналық басқармадан; 6) Кеңседен тұрады.
2. Департаменттің міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
5. Міндеті: ІІМ-нің орталық аппаратын және аумақтық ІІО материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Функциялары: 1) қару-жарақ, оқ-дәрілер, әскери және арнайы техника, жеке қорғану және белсенді қорғаныс құралдарын, заттай мүліктер мен жарақтарды, басқа да ІІО-нің қажеттілігіне арналған материалдық ресурстарды жеткізу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады; 2) тиесілік нормаларға сәйкес ІІО бөліністерін материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету жөніндегі негізгі бағыттарды дайындайды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|