ҚР Әділет министрінің 2018.26.11. № 1554 бұйрығымен мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 298 бұйрығына 2-қосымша
ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 бұйрығымен күші жойылды
«Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі-мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 231 бұйрығымен бекітілген «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызметтер көрсету стандартының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде №11096 болып тіркелген) (бұдан әрі-Стандарт) негізінде, Қазақстан Республикасының Әділет министрігімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкiметтің» веб-порталы (бұдан әрi-портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету электрондық нысанда. 3. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi - адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап беру.
2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау
4. Көрсетiлетiн қызметтi алушының Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген өзге де құжаттарды (электрондық сканерленген көшірмелері тіркеледі) тіркеу арқылы электрондық сұрау салуы мемлекеттік қызметті көрсету үшін рәсімді (іс-қимылды) бастауға негiздеме болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|